ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ

0

«Serum Institute of India» компаниясы шығарған қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы аралас вакцина Қазақстанда 1 және 6 жас аралығындағы балаларды вакцинациялаудың Ұлттық күнтізбесі шеңберінде жоспарлы вакцинациялау үшін 10 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді және біздің елімізде де, әлемде де өзінің тиімділігін дәлелдеді.

Вакцина өндірісін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сертификаттаған, ол өндірілетін вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді.

Бұл вакцинаны өндіруші әлемде кеңінен танымал, ол вакцинаны 70-тен астам елге жеткізеді.

Елімізде вакцинаны енгізуге байланысты асқынулар тіркелмегенін атап өту керек. Өндірушінің нұсқаулығында сипатталған вакциналардың көпшілігін енгізу кезінде пайда болатын дене температурасының қысқа мерзімді көтерілуі, қызару, вакцина енгізілген жерде ісіну ретінде күтілетін реакциялар болды.

Барлық вакциналар міндетті түрде препарат тіркелгенге дейін де, оны қолдану басталғаннан кейін де қауіпсіздікке арнайы зерттеулерден өтеді. Вакциналардың құрамына кіретін барлық заттар туралы мәліметтер олардың нұсқаулығында қамтылған. Вакциналардың құрамы туралы ақпарат кез-келген қызығушылық танытқан адамға қолжетімді.

Әкелінетін вакциналар (әрбір серия, партия) қауіпсіздік пен сапа бағалауынан (ҚСБ) өтеді, бұл тиімді және қауіпсіз вакциналарды пайдалануға рұқсат беруді қамтамасыз етуге де мүмкіндік береді. Сонымен қатар ҚСБ рәсімінен өту кезінде вакцина өндірушісі өндіруші зауыттың сапа сертификатымен бірге сол елдің уәкілетті органы аккредиттеген өндіруші елдің зертханасы берген серияның сапа сертификатының көшірмесін ұсынады. Осылайша, өндіруші зауыт сапалы және ең бастысы тексерілген вакциналарды жеткізуді қамтамасыз етеді.

Вакцинацияның басты мақсаты – халықты тиімді вакциналары бар жұқпалы аурулардан қорғау. Денсаулық жағдайына байланысты егуге болмайтын халықтың неғұрлым осал топтары, сондай-ақ жасы бойынша вакцинация сатысындағы балалар ерекше қорғауды талап етеді.

Қазақстан Республикасының халқының арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың күрт жоғарлауына байланысты және оның одан әрі таралуының алдын алу және елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы № 7 қаулысы шығарылды. Көрсетілген қаулыға сәйкес ағымдағы жылғы 6 қарашадан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚКП) қарсы 6-10 ай 29 күндік балаларға,  қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан 2-4 жас 11 ай 29 күндік балаларға, 18 жасқа дейін қызылша ауруына екпесі жоқ балаларға және медициналық қызметкерлерге қосымша жаппай иммундау(ҚЖИ) жүргізілуде.

Қордай ауданы бойынша қызылшаға қарсы жоспарлы және қосымша жаппай иммундауға вакцина жеткілікті. Қызылша ауруының арнайы емі жоқ, ол індеттен сақталудың жалғыз жолы- ол қызылшаға қарсы вакцинация алу ененін ескертеміз!  Қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін Қордай ауданының тұрғындарын қызылшаға қарсы қосымша  жаппай иммундауға шақырамыз.

М.АСАРОВ,  Қордай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.