«ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРҒА» құрмет

0

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында қордайлық желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Біржан Әлімбет және республикалық «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің Қордай аудандық филиалының төрайымы Шолпан Тоқбергенова қатысты.

Егемендік жолында желтоқсан оқиғасына қатысушылардың көрсеткен ерен ерлігі, олардың Тәуелсіз Қазақстанның дамуына бүгінде қосып жатқан зор үлесі жайына тоқталған Дамира Маратқызы жиынға қатысушыларға аудан әкімі Бегзат Болатбековтың ыстық сәлемін жеткізді.

— Тәуелсіздік – сан ғасырлар бойы азаттық жолында күрескен халқымыздың басына қонған бақ. Қазақстанның еркіндігі мен бостандығы жолында бастарын бәйгеге тіккен қанды желтоқсанда кеңестік идеологияға қарсы шыққан намысшыл жастардың арқасында қол жеткіздік. Қазақ «Бірлік бар жерде тірлік бар», — дейді. Себебі, біздің ортақ Отанымыз — Қазақстанның бүгінгідей қарыштап дамып отырғаны тұрақтылық, этносаралық, дінаралық келісімнің нәтижесі. Бұл кездесу бұдан ертерек болуы тиіс еді. Бірақ, ауданымызда жарияланған ауа-райына байланысты төтенше жағдайға байланысты кездесуіміз кейінге шегерілді. Бүгін сол жоспарланған жүздесудің сәті түсіп отыр. Баршаңызға алғысымызды білдіреміз, — деген Дамира Маратқызы қонақтарға аудан әкімі атынан грамоталар мен гүл шоқтарын ұсынып, сый-сияпат жасады.

Жекелей тоқталсақ, осы күні Жанаркүл  Тулеева, Қуандық Ізтелеу, Досымбек Жайлаубеков, Абай Мамытбеков,  Бақытжан Атагелдинов,  Забира Муналова, Мадина Кулиясова, Дина Айтбаева,   Күләш Иманбаева,  Шолпан Берікова, Майракүл Талмұханбетоваларға құрмет көрсетілді.

Келесі кезекте сөзге шыққан «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің Қордай аудандық филиалы төрайымы Шолпан Тоқбергенова алдағы уақытта ауданда бірлестік жұмысын жандандыру үшін қолға алынатын жұмыстар турасында айтып өтсе, Біржан Әбдікерімұлы да құттықтаулар легіне қосылып, одан кейін барша жиналғандар естелік суретке түсті.

Жандос ОМАРОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.