19 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың сессиясы өтіп, оны Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықов жүргізді. Оның жұмысына депутаттардан бөлек, аудан әкімінің орынбасарлары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Сессияда бір ғана сұрақ қаралды – ауданның ауылдық округтерінің бюджетіне өзгеріс енгізу туралы. Ол бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева ақпарат беріп, депутаттар аудан бюджетіне енгізілетін өзгерістерді бірауыздан қолдады. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.