Қордай аудандық мәслихатының №2 және №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қордай аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына 2024 жылдың 31 наурызына тағайындалған сайлауға қатысатын кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыруға «Қордай шамшырағы – Кордайский маяк» газетінің бетінде баспасөзден орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі жайлы АҚПАРАТ ҚР «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабының 1,2,3-тармағына сәйкес «Қордай шамшырағы – Кордайский маяк» газетінің редакциясы сайлауалды үгіт-насихат материалдарын 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде жариялайды.
Үгіт материалын үміткердің өзі дайындайды.
Үгіт материалын газетке ұсыну үшін тіркелген кандидат немесе оның сенімді өкілінен сұралатын қажетті құжат:
- Редакцияға кандидат немесе сенімді өкілдің толық аты-жөні, тіркелу нөмірі, күні, сағаты, сайлау округі толық жазылған, кандидат немесе сенімді өкілдің қолы қойылған жазбаша өтініш береді.
- Құжаттардың көшірмесі және жеке куәлігі нотариалды бекітіліп берілуі керек. Онда кандидаттың жеке куәлігі және кандидат куәлігі, сенімді өкілдің жеке куәлігі және сенімді өкілдігін растайтын куәлігі қоса болуы қажет.
ҮГІТ МАТЕРИАЛЫН ЖАРИЯЛАУДЫҢ ТӘРТІБІ
Редакция тіркелген кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін баспасөз бетінен орын береді. Кандидаттардың газетке шығуының кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен, егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе, материалдардың жариялану реті жеребе бойынша белгіленеді.
Жазбаша өтініш редакцияға келіп түскеннен кейін үгіт материалына басылым бетінде лайықты орын берілгені үшін «Қордай шамшырағы – Кордайский маяк» газеті және кандидат мақаланың жариялану ақысы жайында екі жақты келісімшарт жасасады.
Үгіт материалы газет бетінде мақаланың толық төлемі редакцияның есепшотына жүз пайыз көлемінде түскеннен кейін барып бір-ақ жарияланады.
ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ҰСЫНУДЫҢ ТӘРТІБІ
Кандидат үгіт материалының мәтінін редакцияның жарнама бөліміне «Қордай шамшырағы – Кордайский маяк» газетінің кезекті саны жарыққа шықпай тұрып, үш күн қалған мерзімге дейін ұсынуы тиіс. Материалдың мәтіні қағазға басылып шығарылып, оған кандидат немесе оның сенімді өкілі қол қоюы қажет. Сонымен қатар электронды нұсқасы қоса болуы керек (дискета, диск, электрондық пошта). Берілген күні және тіркеу нөмірі көрсетілген материалдың жазбаша нұсқасы редакцияға екі данамен тапсырылып, оған редакция тарапынан қабылданған күні, уақыты, қабылдаған қызметкердің аты-жөні, қызметі жазылып, қол қойылады. Мәтіннің біреуі газеттің жарнама бөліміне тіркеліп, екіншісін тапсырыс берушінің өзі алып кетуі тиіс. ҚР «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына сай келмейтін үгіт мақалалары жарияланбайды.
ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖАРИЯЛАУДЫҢ ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ
Кандидат немесе оның сенімді өкілі үгіт материалының жариялану құнын жүз пайыз төлейді. Төлемақы редакцияның алдын ала келісімшартта қарастырылғандай арнайы реквизиті көрсетілген есепшотына аударылуы керек. Баспасөзде ақпараттық үгіт материалдарын орналастыру құны (қосымша құн салығын қоспағанда) 1 шаршы сантиметрге – 100 теңге.