МАРКАМЕН ТАҢБАЛАНБАҒАН ТЕМЕКІНІ ТАСЫМАЛДАҒАН ШЕТЕЛ АЗАМАТЫНА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

0

Қордай аудандық соты маркамен таңбаланбаған темекені тасымалдағаны үшін айыпталған Қырғызстан азаматына қатысты әкімшілік істі қарады. (ӘҚБтК-нің 283-б. 2-б.)

Сотпен анықталғандай, 2023 жылдың қазан айында  азамат Р. Қырғыз Республикасынан Қазақстан аумағына 6 мың бума темікіні тасымалдаған. Алайда заңсыз тауар «Қордай» бақылау пунктінде шекара қызметкерлерімен анықталған.

Сотта Р. өзінің кінәсін толық мойындап, тауарды таныстары бергенін, тиісті құжаттарының болмағанын білмегенін көрсетті.

Сот қаулысымен азамат Р. ӘҚБтК-нің 283-б. 2-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 172 мың теңгеден астам сомада айыппұл салынды. Темекі өнімдері тәркіленді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.