СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

0

Субсидияланатын жұмыс орындары – жұмыс беруші еңбек мобильділігі орталығымен шарт негізінде құратын жұмыс орны.

Субсидияланатын жұмыс орындары:

Қоғамдық жұмыстар;

Әлеуметтік жұмыс орындары;

Жастар практикасы;

Алғашқы жұмыс орны;

Ұрпақтар келісімшарты;

Күміс жас.

Субсидияланатын жұмыс орнына орналасу кезеңдері:

  • Жұмыс беруші өз ұйымында субсидияланатын жұмыс орындарын ашу үшін Еңбек мобильділігі орталығына өтінім жібереді.
  • Еңбек мобильділігі орталығының келісімінен кейін, жұмыс іздеген азаматтар немесе мансап орталықтарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер бос жұмыс орынға қызығушылық танытады.
  • Бос жұмыс орын талаптарына сай келетін маман жұмысқа тұрып, еңбек шартына қол қойылады.
  • Қызметкердің еңбекақысы толығымен немесе ішінара мемлекет тарапынан мансап орталығы арқылы төленеді.

 

Жастар практикасы

Құрметті түлек! (университет, колледж)!

Бастапқы жұмыс тәжірибе алу үшін, мамандық бойынша Жастар практикасына жұмысқа шақырамыз!

Жалақы толықтай мемлекет тарапынан!

Тұрақты жұмысқа тұру мүмкіндігін жіберіп алма!

Бұл СЕН үшін нағыз МҮМКІНДІК!

Барлық қолжетімді бос жұмыс орындарын enbek.kz порталынан таба аласыз.

Барлық сұрақтар бойынша келесі мекенжайға хабарласаңыз:

Белашова №3. Тел: 872636-4-84-96

 

ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

Әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші еңбек мобильділігі орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін құратын уақытша жұмыс орны.

Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.

Жалақыны жұмыс беруші белгілейді. Жалақының 35%-ын мемлекет субсидиялайды, бірақ оның сомасы 20 АЕК мөлшерінен аспауы қажет. Қалған соманы жұмыс беруші төлейді.

Ал, үкіметтік емес ұйымдар құрған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамдар үшін жалақының белгіленген мөлшерінің 70%-ын мемлекет өтейді. Оның да сомасы 20 АЕК мөлшерінен аспайды.

Бағдарламаға жұмыссыз мәртебесіне ие азаматтар қатыса алады. Басымдық әлеуметтік осал таптарына беріледі.

Қордай ауданы бойынша «Мансап» орталығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.