Өмірбаян
Мен, Идыбо Айша Люшировна, 1971 жылы 23 мамырда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – дүнген, білімім – жоғары.
1988 жылы Лермонтов атындағы мектепті аяқтап, 1991-1995 жылдары Алматы қаласында Абай атындағы педагогикалық институтының тарих факультетінде білім алдым.
Еңбек жолымды 1998 жылы №18 орта мектебінде дүнген тілі және тарих пәні мұғалімі болып бастадым.
2002-2013 жылдар аралығында №48 орта мектебінде директордың тәрбие жөніндегі орынбасары ретінде жұмыс атқардым.
2013-2014 жылдары «Достық» бөбекжайында меңгеруші болып қызмет атқардым.
2014 жылдан бастап «Бүлдіршін» бөбекжайында меңгеруші болып қызмет атқарып келемін.
2018 жылдан бері Жамбыл облысы «Вынхуа» этно-мәдени орталығының төрайымы, сонымен қатар Қордай аудандық мәслихатының 8-ші шақырылымының депутаты болып сайланғанмын.
Тұрмыс құрғанмын, 3 баланың анасымын.
«AMANAT» партиясының мүшесімін.
Сайлауалды бағдарлама
Құрметті жерлестер!
Мен еліміздегі жалпыхалықтық сенімге ие болған «AMANAT» партиясының атынан аудандық мәслихат депутаттығына сайлауға түсіп отырмын. Бұл шешім үлкен жауапкершілік екендігін түсінемін. Өмірлік тәжірибем мен біліктілігімді пайдалана отырып, ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуына, халықтың тұрмыс тіршілігін көтеруге өз септігімді тигізетін боламын. Осы орайда өз сайлауалды бағдарламамды назарларыңызға ұсынамын.
Болашақта мәслихат депутатты ретінде билік пен азаматтық қоғам арасында жергілікті атқарушы органдарға халықтың проблемалық мәселелерін көтеріп бірқатар мәселелерді шешуге атсалысамын. Есепті кезеңде ауылдық округтерге ай сайын барып азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдаймын.
Әлеуметтік желілерде (фейсбук, инстаграмда) үнемі атқарылған, атқарылатын жұмыстар барысы жайында жариялап, қойылған сұрақтарға жауап беремін.
Сондай-ақ, ауданымыздағы түрлі көпшілік мәдени, спорттық шараларға, саяси және ұлттық мерекелерге атсалысып, қайырымдылық іс-шараларға араласып және қолдан келгенше мұқтаж жандарға, халыққа медицина саласының маманы болғандықтан денсаулыққа байланысты өз көмегімді беремін.
Мемлекеттік жәрдемақыға қол жеткізбей жүрген отбасыларға, жалғыз басты аналарға құжат рәсімдеуіне жәрдемдесіп, бүгінгі таңда олар әлеуметтік көмек алуда. Тағайындау бойынша адамдарға көмек көрсетіп, ауылдық округтарға газ құбырын өткізу үшін құжаттарын рәсімдеуге жәрдемдестім.
Құрметті сайлаушылар!
Алдыма бірқатар міндеттер қойдым. Олардың шешімін аудандық мәслихаттың депутаты ретіндегі қызметімде бағыттаймын:
- Ең алдымен, менің мақсатым – ауыл тұрғындарының табысын арттыру. Ол үшін шағын және кіші кәсіпкерлерді қолдау және ұлғайту жұмыстарын жүргізу;
- Жылыжай құру мәселелерін көтеру және оның шешімдерін табуға;
- Шағын құс фермаларын құру мәселелерінің шешімін табуға (бірлесіп кәсіпкерлермен жұмыс атқару);
- Күнбатыс-2 ауылында көп уақыттан бері өзекті мәселенің бірі болып тұрған тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге ықпал етуге;
- Масаншы ауылындағы спорт кешені құрылысының жүргізілу мәселесін көтеруге;
- Талап еткен мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді зерделеу және шешімін табуға ықпал етемін.
Сондай-ақ жыл сайын жастар практикасы және жасыл ел жастар жасағы жобалары арқылы жастардың жұмысқа орналасуына көмек көрсету және аталған жоба бойынша мерзімді жұмыс уақыты аяқталған жастардың әрі қарай жұмысқа орналасуына көмек көрсету болып табылады.
Мен де өз елімнің нағыз патриоты ретінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем» төзбеушілік атмосферасын құруға және оның деңгейін төмендетуге көмектесемін, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға күш саламын.
Құрметті сайлаушылар!
Мен Масаншы ауылдық округі тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсарту бойынша алға қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.
Біз бірге алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін. Күшті мемлекет құруға өз үлесімді қосамын.