Қордай аудандық соты ӘҚБтК-нің 283-1 б. 5-б. (Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ұсынбау не уақтылы ұсынбау, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта тауарлар атауының сәйкес келмеуі, олардың санын (көлемін) анық көрсетпеу, сол сияқты тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта мұнай өнімдерінің, темекі бұйымдарының, этил спиртінің және алкоголь өнімінің, биоотынның дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу) бойынша А.-ға қатысты істі қарады.
Іс құжаттарымен анықталғандай, А. 22 ақпан 2024 жылы сағат 20:30 шамасында «Қарасу» шекаралық бақылау бөлімшесінде Қазақстан Республикасынан Қырғыз Республикасына қарай кіру бағытында 800 литр АИ-92 мұнай өнімін жүкқұжатсыз тасымалдаған.
Сот отырысында құқық бұзушы А. өз кінәсін толық мойындады.
Сот қаулысымен А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 283-1 бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болып табылатын: 800 литр АИ-92 мұнай өнімі тәркіленіп, 73 840 (жетпіс үш мың сегіз жұз қырық) теңге айыппұл салынған.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.