Қордайда «Әжелер алқасы» құрылды

0

Абайды анасы дәретсіз емізбеген. Бұл өнегені Ұлжан Құнанбайдай тура би болған ердің анасы Зереден үйренген. Қазақ қоғамында ерекше мән-маңызға ие болған бұл әжелер мектебі ешқашан өз құнын жоғалтқан емес. 

«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» дейді дана халқымыз. Әйел адамның отбасы мен бала тәрбиесіндегі орны өте үлкен. Ал осы үйдің ұйытқысы әйел затына ақыл-кеңес беріп, жөнге салып, тәрбие беретін — «әжелер мектебі».

Қаймағы бұзылмаған қазақы дәстүрді жалғастырып, Қордай ауданында «Әжелер алқасы» құрылды. Дәстүрді жандандырып, қоғамдағы ажырасушылықтың алдын алып, бала тәрбиесі, келін, қыз, ананың міндеті, отбасылық кикілжіңдерді түзет мақсатында бас қосқан жиында Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы ұйымның мақсаты мен міндеттерін айтып түсіндіріп, жинақталған ақ жаулықтылар тобына сәттілік тіледі.

Алқа құрамында аудандағы белсенді, діни сауаты бар 14 әже бар. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарда бас имаммен тығыз байланыста, ауызбіршілікте қызмет жасайтын болады.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.