ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА!

0

▫️Business.enbek.kz порталында 2024 жылғы 20 мамырдан бастап 1-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады. Қордай ауданы бойынша бірінші лекте 47 адамға грант беру жоспарлануда. Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылады. Грант көлемі 400 АЕК-ті (1 476 800 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Ағымдағы жылы берілетін гранттар тек халықтың нысаналы топтарына қаралған: — атаулы әлеуметтік көмек алушылар; — көп балалы отбасы мүшелері-көп балалы отбасы бойынша жәрдемақы алушы және (немесе) оның жұбайы (зайыбы); — асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақы алушылар; — өңіраралық қоныс аударушылар; — қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар; — еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар тұлғалар; — мүгедек баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған тұлғалар.

Қордай ауданы бойынша «Мансап» орталығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.