Біріккен Ұлттар Ұйымы Ассамблеясының 1993 жылғы 15 мамырдағы шешімімен осы күн Халықаралық отбасы күні деп жарияланды. Отбасы – сүйіспеншілік пен қамқорлық орнайтын жер бетіндегі ең жылы орын, жаның жай табатын бақыт мекені.
Ақпараттық технологиялар күн санап дамып жатқан бүгінгі заманда отбасы құндылықтарын сақтап қалу қиынға соғуда. Компьютер, планшет, ұялы телефон өзге де гаджеттер пайдасымен қатар, адамзатқа зиянын тигізіп жатқанын жоққа шығара алмаймыз.
Отбасындағы тәрбие – қоғам негізінің бастауы. Адамгершілік қағидаларын ардақтау, үлкенді сыйлау, мейірімділік, инабаттылық, адамдардың толеранттығы – осы қасиеттердің барлығы біздің балалық шағымыздан, отбасында қалыптасады.
Отбасының басты құндылығы – бала және оны физикалық әрі рухани жағынан сау, лайықты тұлға етіп өсіруге талпынатын ата-ана.
Отбасы құндылықтарын дәріптеуде тек ата-ана ғана емес, балабақша мен мектеп те үлкен үлес қосары сөзсіз.
«Авангард» жеке мектебінде отбасы күніне орай «Отбасының ең маңызды әлеуметтік қызметі – бала тәрбиесі мен дамуы» деген тақырыпта өткен дөңгелек үстелдің мақсаты да осы.
Шара ұсақ-түйекке дейін ойластырылғанын атап өткен жөн. Қонақтарды үлкен өлшемдегі қуыршақтар қарсы алып, оларға тосын кәдесыйлар, визиткалар, буклеттер, сөздіктер ұсынылды. Дөңгелек үстел өткен зал тақырыптық баннерлермен безендірілген, «Алтын үшбұрыш» — «Отбасы-оқушы-мектеп» Республикалық бағдарламасы аясында ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасалған.
Дөңгелек үстелді мектептің негізін қалаушы Фатимат Байбекова ашып, балалардың әлеуметтенуі мен интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етуде ата-ана мен мектептің бірлескен жұмысының маңыздылығына тоқталды. Ол мектепте оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін дамытуға, оның ішінде үйірмелер, факультативтік және сыныптан тыс жұмыстарға көптеген мүмкіндіктер берілгенін атап өтті. Сондай-ақ, Ф.Жұмаділқызы «Алтын үшбұрыш» деп аталатын оқушы-ата-ана-мектеп аясында отбасылық мәселелерді бірлесіп шешу қажеттігін баса айтты. Барлығын біріктіретін – бала, сондықтан біз болашақ мемлекетті құрайтын балалар туралы айтып отырмыз. Одан кейін сөз кезегін мектептің оқу ісінің меңгерушісі, әрі 1-сыныптың сынып жетекшісі Мөлдір Жолау алды. «Ойын балаларды дамыту құралы ретінде» тақырыбында баяндама жасап, оқу ойындарының түрлеріне тоқталды. Мөлдір Біржанқызы үйде, отбасында баланың логикалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, соның ішінде кітап оқуға, жұмбақ шешуге және ойлауды ынталандыратын ойындарға қатысуға арналған практикалық кеңестермен бөлісті. 1 «Ә» сыныбының ата-аналары атынан Айтгүл Умарова да сөз сөйледі. Ол заманауи танымдық ойындардың бірнеше түрін көрсетіп, балаларымен қалай ойнайтынын және қаншалықты пайдалы екенін айтып берді. Оқушылардың бірінің әжесі Гусеинова Гамсия әңгімеде ерекше белсенділік танытып, ата-аналар үйдегі балаларын ойын түрінде әр түрлі логикалық тапсырмаларды орындауға уақыт табуға тырысуы керек екенін, олардың қызығушылығын ояту керектігін атап өтті. Ата-ана көрсеткен қарым-қатынас пен сүйіспеншіліктің көрінісі осы емес пе?
Келесі кезекте бастауыш сынып мұғалімі Маманова Батинур «Балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға интеллектуалдық ойындардың әсері» тақырыбында баяндама жасады. Ол бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалдық қабілеттерін дамыту мақсатында мектепте қолданылып жүрген табысты тәжірибелерді ұсынды. Бахтинур Нуруллақызы ынталандыратын орта құрудың, балаларға сұрақ қоюға және пікірталасқа қатысуға мүмкіндік берудің маңыздылығына тоқталды. Онымен бірге оқушылардың аналары Альбина Сұлтанғазиева мен Оксана Крючкова да сөз сөйледі.
«Балалар мен ата-аналарға арналған ұлттық және отбасылық интеллектуалды ойындар» тақырыбында Шоқтыбаева Балғын Әділқызының баяндамасы қызықты болып, оған 1 «А» сыныбының ата-аналары Қуанышева Гүлнұр, Қанапиянова Жанаргүл және Саукенова Салтанат атсалысты.
Қойылымдарды бастауыш сынып мұғалімі Ризаева Севда 1 «Г» сынып ата-аналары Максутова Араратхан және Алымкулова Алтынаймен бірге аяқтады.
Ата-аналар пікірталасқа белсене қатысып, өз ойларымен, тәжірибелерімен бөлісті. Олар шығармашылық ойлауды дамыту, қызығушылықты ояту және балаларға оқудағы қиындықтарды жеңуге көмектесу туралы сұрақтар қойды. Шара барысында бірге ойын ойнау барлық қатысушылардың көңіл-күйін көтерді.
Сараптамалық топ қатысушыларға алдын ала сауалнама нәтижелерін хабардар етті. Сауалнама сұрағында: ата-аналарды қандай мәселелер көбірек мазалайды деген сұрақ болған, олар:
-Интернетке тәуелділіктің алдын алу;
-оқыту бойынша көмек көрсету;
-төзімділік пен стресске төзімділікті дамыту деп жауап берген екен.
Ата-аналар мектеп жұмысының қай саласын қолдайтыны да белгілі болды – балалардың жалпы эрудициясын қамтамасыз ету, оқуда қиындықтары бар оқушыларға қолдау көрсету, Жаңа Қазақстан ата-аналарының заманауи моделін қалыптастырудағы мектеп қызметін мақұлдады. Осылайша мектеп ата-аналардан жоспарлы жұмысты орындауға қосымша бағыт-бағдар алды.
«Мектеп сауалнама нәтижелеріне риза, біз дұрыс жолдамыз!» – деп түйіндеді Фатима Жұмаділқызы.
Дөңгелек үстел нәтижесінде ата-аналар мен ұстаздар баланың интеллектуалдық дамуы – оның тәрбиесінің ең маңызды аспектісі деген қорытындыға келді. Дөңгелек үстел балалардың зияткерлік дамуын қолдауға болатын нақты шараларды талқылаумен аяқталды. Шара соңында ата-аналарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ тәттілер мен кофе ұсынылды.
Ата-аналар тамаша шара үшін мектеп басшылығы мен ұстаздарына шексіз алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін аямады. Сонымен бірге, олар өз балаларының жан-жақты өсуіне мүмкіндік беру үшін мектеппен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді. Шығармашылық топқа табыс тілейміз!
Мадина УЗБЕКОВА