БАҒДАРЛАМАЛАР – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ

0

Аудан әкімі Бегзат Болатбековтың тапсырмасына сәйкес Мемлекет басшысының жаңа бастамаларын, мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тұстарын ауыл тұрғындарына кеңінен түсіндіру мақсатында  арнайы жұмыс тобы құрылды.

Топ құрамында аудандық «Мансап» орталығы, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, жер қатынастары, құқықтық жұмыс, құрылыс, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық білім бөлімдерінің басшылары бар.

Жұмыс тобының алғашқы кездесулері «Отар» аймағының құрамына кіретін ауылдарда өтіп, жергілікті тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тұстары мен мүмкіндері түсіндірілді.

Алдағы күндері дәл осындай кездесулер ауданның барлық елді мекендерінде өтетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.