«Ақсу Қордай» ЖШС өзінің абоненттерінен ауыз суға үнемді және ұқыпты қарауды, крандарды ашық қалдырмауды, ауыз суды бақшаларды суару, көлік жуу, құрылыс мақсатында пайдаланбауды өтініп сұрайды. Қордай ауылында арықпен суару жоқ, сондықтан тұрғындар бақшаларды ауыз сумен суарады. Нәтижесінде, суды көп тұтынудың салдарынан біз өзіміз зардап шегеміз. Су мақсатсыз пайдаланылғандықтан, жоғарыда орналасқан көшелер сусыз қалады.
Құрметті тұтынушылар! Сіздерден ай сайын судың ақысын төлеп тұруыңызды сұраймыз. «Ақсу Қордай» ЖШС абоненттері бақылаушыны куәлігін ұсынғаннан кейін суық су есептегіштерін тексеру үшін үйлерінің ауласына кіргізуге міндетті. Ауыз суды бақшаны суару, үй салу мақсатында пайдалану фактісі анықталған жағдайда су желісінен ажыратуға мәжбүр боламыз.
«Ақсу Қордай» ЖШС әкімшілігі