Сізге бірінші кезекте алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың (МСАК) біріне тіркелгеніңізді тексеру қажет. Бұл жерде клиника немесе емхана Медициналық сақтандыру қорының жеткізушісі және Сіздің аумақтық қолжетімділік шегінде орналасуы қажет екенін есте ұстаған жөн.
Егер сіз әлі МСАК тіркелмеген болсаңыз, оған уақыт тауып, міндетті түрде тіркелуіңіз керек. Онсыз сіз дәрігерге тегін көріне алмайсыз, қажетті диагностикадан өтеалмайсыз, медициналық көмектің басқа түрлеріне жолдама ала алмайсыз.
Екінші.
Медициналықсақтандыружүйесіндегі мәртебеңізді тексеруді ұмытпаңыз. Кеңейтілген МӘМС пакетіне қол жеткізу үшін сізге «сақтандырылған» мәртебесін алу қажет. Мұны Қордың сайтында ЖСН нөмірі арқылы немесе @SaqtandyryBot телеграмм боты арқылы жасауға болады.
Үшінші.
Емханағажоспарлытүрде бараралдында терапевткежазылудыұмытпаңыз. Мұнымобильдіқосымшаарқылынемесеемханаңыздыңcallорталығы арқылыыңғайлытүрдежасауғаболады. Талонды алу үшін кездесуге сәл ертерек келген дұрыс. Бүгінгі таңда барлық қалалық емханада электронды кезек бар.
Егер сіз, тар бейінді маманның диспансерлік есебінде болмасаңыз, маманға учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз кіре алмайтыныңызды есте ұстаған жөн.
Төртінші.
Көрсетілген жағдайда учаскелік дәрігер сізге талдаулардың негізгі немесе кеңейтілген тізбесі бойынша нұсқаулар береді, қажет болған жағдайда сізді диагностикалық тексеруге немесе денсаулықты бағалау үшін маманның кеңесіне жібереді.Бұл үшін өз қалтаңыздан ештеңе төлеудің қажеті жоқ. Зерттеуге немесе мамандандырылған мамандарға жолдамалар медициналық көрсеткіштер болған жағдайда ғана берілетінін атап өтеміз.
Естеріңізге сала кетейік, 1 сәуірден бастап қазақстандықтар терапевттің қабылдауына жазылмай-ақ емханадағы мамандарға бара алады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі учаскелік дәрігерді айналып өтпей мамандандырылған маманға баруға болатын сегіз бағытты анықтады:
- төтенше жағдайлар мен жарақаттар кезінде: біз тек травматологпен ғана емес, сонымен қатар басқа дәрігерлермен, мысалы, офтальмологпен немесе отоларингологпен (ЛОР дәрігері) кездесуге жазылу туралы айтып отырмыз;
- шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету кезінде: балалар мен жүкті әйелдер жоспарлы күтім жасау үшін стоматолог дәрігеріне, ал шұғыл көмек көрсету үшін – мүгедектер, ҰОС ардагерлері, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, «Күміс алқа» орденімен марапатталған көп балалы аналар жүгіне алады және «Алтын алқа» медальдарымен, жасы бойынша зейнеткерлер, АҚТҚ жұқтырғандар, онкологиялық немесе туберкулезбен ауыратындар, сондай-ақ мүгедек балаларды бағып отырған жұмыссыздар;
- акушер-гинекологпен байланысу кезінде (жүкті әйелдерге учаскелік дәрігер арқылы жүзеге асырылатын тіркеу қажет болған жағдайларды қоспағанда);
- психологпен байланысу кезінде;
- онкологиялық немесе гематологиялық ауруларға күдік туындағанда: растайтын сынақтар мен құжаттар болған кезде, мысалы, КТ немесе ультрадыбыстық суреттер;
- 14-29 жас аралығындағы жастар емханалар жанынан ашылған жастар денсаулық орталықтарына хабарласқанда, жастар денсаулық орталықтарының мамандарына (урологтар, акушер-гинекологтар, психологтар, психиатрлар жұмыс істейді) тікелей қабылдауға жазыла алады;
- белгілі бір уақыт ішінде мамандардың динамикалық бақылауында (тіркеуде) болатын науқастарға жүгінген кезде. Мысалы, жүрек патологиясы бар науқастар кардиологқа тікелей жүгіне алады;
- наурыздан қарашаға дейін шалғай елді мекендерге қатынайтын медициналық пойыздар және жылжымалы медициналық кешендер (жабдықталған автобустар мен жүк көліктері) арқылы медициналық көмекке жүгінген кезде.
Сіз қолданатын медициналық қосымша арқылы немесе емхананың байланыс орталығы арқылы бейінді маманның қабылдауына жазыла аласыз.
Ляззат Алимова, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры