20 маусымда аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Сессия жұмысын Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықов жүргізіп отырды. Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.
Отырыс барысында депутаттар 2023 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы сұрақты қарап, ол бойынша аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Ерлан Рысқұлов баяндама жасаса, бюджеттің орындалуы туралы қорытынды ақпаратты мәслихаттың бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Қатира Увалиева ұсынды.
Ал Жамбыл облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Бағлан Дүрімбетовтің аудандық бюджеттің атқарылуы туралы қорытындысы заңға сәйкес 16 мамырда өткен тұрақты комиссиялардың отырысында тыңдалды.
Келесі кезекте «Қордай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №33-3 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева хабардар етті. Депутаттар енгізіліп жатқан өзгерістерді қолдады.
Сондай-ақ, сессияда аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Қарабаев таныстырған «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» мәселе қаралды.
Мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін қайтарып алуға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы келісімдердің жобаларын бекіту туралы» сұрақ сессия алдында тұрақты комиссиялардың отырысында қаралып, депутаттар оны мақұлдады.