Қазақстан Республикасының халқының көпшілігін жастар құрайды. Еліміздің болашағы жастардың қолында. Мемлекеттің дамуына, өркендеуіне, білім мен өнердің дамуына үлес қосатын азаматтар баршылық. Өз пікірін еркін айтатын, мақсаттары айқын азаматтар өсіп келе жатқаны қуантады. Мемлекет тарапынан білім алуға, отбасын құрып, еңбек етуге барлық жағдайлар толық жасалған. Ең жақсы жағдайдың бірі тұрақтылық пен тыныштығы сақталған тәуелсіз мемлекетіміз бар. Тәуелсіздіктің басқасында мемлекетті басқарып кележатқан Елбасының жастарға арнаған сөзін еске алсақ: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!», – деген өсиеті жастарды ынталандырып жат көз-қарастарға бой алдырмауға себеп болады.
Әрине жоғарыдағы айтылған мәселелер елімізде ешқандай проблема жоқ дегенді білдірмейді, әлі де болса шешілмей келе жатқан негізгі мәселелер бар. Атап айтсақ жастар тәрбиесі, суицид, қылмыстың өсуі, жұмыссыздық, коррупция, сондай-ақ дәстүрлі емес діни ағымдарға жастардың өтуі белең алуда. Бұл мәселелерге тек мемлекет қана емес қоғам болып бірігіп күресу қажет. Жоғарыда аталып өткен проблемалардың ішіндегі деструктивті діни ағыдардың ықпалынан Қазақстан жастарын қорғап қалу мәселесіне тоқтаған жөн. Соңғы он жылдың ішінде діни сауаты төмен қазақ жастарының Аллаға деген кіршіксіз сенімін жат діни ағым өкілдерінің арбауына ілінген азаматтар бар екенін жасыра алмаймыз. Олардың кейбіреулері шет елдегі саяси соғыстарға қатысып, исламдағы жалған «жиһад» ұғымым мен шатастырып мемлекеттен кетіп қалу фактілері орын алуда. Сондай-ақ бұхара халық арасында діни фанатизімнің өршігені соншама өз елінде діни мативте террористік әрекеттер жасап, жазықсыз азаматтардың өміріне қауіп төндірсе, он екі ғасырдан астам уақыттан бері қалыптасқан ұлттық құндылықтарға тікелей қарсы шығып қоғам арасында діни алауыздық туғызуы байқалуда. Өзін мұсылман деп есептеген адамдарды олардың пікірін қолдамағандары үшін қазақ халқының тарихында болмаған «күпір» яғни кәпірлікпен айыптау, дүние мүлкін тартып алу, қоғамнан оқшауланып кейбір заң нормаларына қарсы шығып мемлекетке деген өшпенділігі өрши түсуде. Әрине бұл мәселелер мемлекеттің тұрақтылығы мен қауыпсіздігіне қатер төндіреді. Бұл аталған жағдайларды шешу уақыт талабы.Қазақстан жастарын жат діни ағымдардың ықпалына кетпесін десек:
Көңіл бөлетін жағдайларды назарға алу қажет. Ата-аналар тарапынан жас өспірім балаларын діни міндеттерді орындауға қызығушылығы оянған кезден бастап діни сауатын ашқан мемлекет тарапынан тіркеуде өткен діни бірлестік мамандарына оқыту. Ұлт жанашыры, Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының тілімен айтқанда «Балам деген жұрт болмаса, жұртым деген бала қайдан шықсын?!» — деп айтқаны үлкен жауапкершілікті жүктесе керек. Сонымен қатар, ұлттық діни сананы әрбір отбасында насихаттап, дастархан басында өсиет етіп айту керек. Қазақ халқының ислам дінін ұстанған ата-бабаларының тарихи, әдеби шығармалары, аңыз-дастандары, батыр жырлары, ертегілер, мақал-мәтелдерімен қара сөздерін бойына сіңдіріп айтып отыру қажет. Осы мәселелерді бойына сіңірген жас азамат дәстүрлі діни санасы қалыптасып, рухани жаңғырған тұлға болып ешқандай радикалды, деструктивті, дәстүрлі емес жат діни ағымдарға қарсы имунитеті қалыптасады.
Сержан Култаев, Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторы