Қордайдың іргесінде тұрса да бүгінгі күнге дейін Әлжан ана ауылындағы байланыс пен интернет желісін пайдалану біршама қолайсыздықтар туғызып келген болатын. Ауыл азаматтары әр жиында осы мәселені көтеріп, шұғыл арада шешімін тауып беруді сұрап келген еді. Аудан әкімдігінің жіті бақылауына да алынған болатын. Сол мәселе жақында шешімін тауыпты. Әлжан ана ауылына «Beeline» ұялы байланыс желісінің биік мұнарасы орнатылып, іске қосылған. Енді ауыл тұрғындары байланыс пен интернеттен қиындық көрмейді деген сенімдеміз.