ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ

0

Қазіргі заман жастарының көбісі нашақорлыққа, есірткі мен темекіге тәуелді болып жүр. Осылардың әсерінен адамдардың денсаулығына көп зиян келеді. Есірткіні қолданған адамның денсаулығында қан айналымы мен түрлі түзілістердің жұмысы қиындап, адамның өмір жасы азаяды. Сонымен қатар, түрлі ауруларға ұшырап, бет-әлпеті өзгеріске ұшырайды. Ісік ауруларымен көп ауыратын болады.

Жалпы есірткі — БДСҰ — ның анықтауы бойынша ауру сезгіштікті жоятын химиялық ұнтақ. Алғаш болып «есірткі» деген анықтаманы сезгіштікті жолғалтуға алып келетін заттарды сипаттау үшін, грек елшісі Гиппократ қолданған еді. Содан кейін, яғни ХХ ғасырда есірткіні қолдану кеңінен тарады.

Наркотик (гр. ναρκωτικός — естен айырылу) — БДСҰ-ның анықтауы бойынша, ауру сезгіштікті жоятын химиялық есірткі. Термин әдетте есiрткi анальгетиктер деп аталған апиыны бар заттарға немесе опиоидтарға жатады.

Есірткі – адамның көңіл–күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақорлық есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түсіреді. Есірткі — аса қауіпті, айығуы үмітсіз әлеуметтік дерт.

Есірткі түрлері (психикаға белсенді әсер ететін заттар тобы)

  1. Медицинада ауруды басу үшін қолданылатын (апиын, опиум, опий) өнімдеріне морфин, кофеин, омнопон,промедол, метадон және т.б. немесе мактың көкнәрі жатады.
  2. Сора өнімдері (каннабиноидтер) — гашиш, анаша, марихуана және т.б.
  3. Психикаға белсенді әсер ететін заттар – амфетамин, сиднокарб; қолдан жасалған эфедрин немесе эфедриннен алынған эфедрон, первитин, экстази, фэнтази дәрі-дәрмектері және т.б.
  4. Ұйықтататын және седативтік заттар барбитураттар, натрий оксибутираты және т.б.
  5. Галлюценогендер (фенциклидин, кетамин, мескалин және т.б.)
  6. Холинолиттік әсері бар кейбір дәрі-дәрмектер (паркинсон, пипольфен және т.б.)
  7. Өндірісте және тұрмыста қолданылатын химиялық заттар құрамындағы органикалық ұшпа заттар (бензол, тлуол және т.б.) Оларды көбіне иіскейді.

Анаша — сұр түсті химиялық зат, ол ыстық және құрғақ аймақтарда өсетін көкнәр тұқымынан алынады.

Есірткінің адам ағзаларына тигізетін зиянды әсері көпшілікке белгілі жайт. Есірткі пайдаланған нашақор оғаш іс-әрекеттерге бейім келеді. Бірте-бірте адамның ерік жігері оған тәуелді бола бастайды. Нашақордың есірткіден улануынан оның бүкіл психикасы өзгереді. Біріншіден нерв жүйесін бірден улайды, елітіп, еліртіп жібереді, ақылмен істейтін жұмыстардан бас тартатын болады. Өмірге қажетті барлық жұмысты орындауға ынтасы, белсенділігі пәс болып тұрады, енжар өмір кешеді. Есірткі адам психикасына өте қатерлі. Ол ойламаған қылмыстарға итермелейді, нашақор ашушаң, шамшыл келеді. Нашақорлық адам денсаулығына өте зиян екендігін медицина әлдеқашан дәлелдеген. Есірткіні алғаш тапқан кезде ауызға жағымсыз дәм келеді, артынан тамақ кеуіп құрғайды. Адамның кеудесі қысылып, тынысы тарылады, жүрек соғысы жиілеп, бас айналады. Осы кезде тағы да түрлі елестер пайда болып, зейін алаңдаушылығы көбейіп, қимылы тежеледі.

Есірткілердің бәрі өте қауіпті, зардабы ауыр. Ең үлкен қауіп – шамадан артық қабылдау. Бұл жағдайдың қауіптілігі – тыныс алу кенет тоқтап қалады.

Есірткіні көп қолдану салдарынан ойлау қабілеті тежеліп, түрлі елес, галлюцинация, адамның өзіне деген сенімсіздігі туады. Адамның кеудесі қысылып, тынысы тарылады, жүрек соғуы жиілеп, басы айналады. Көз қарашығы ұлғайып, құлағы шыңылдайды, жүрегі айнып лоқсиды, болар-болмас нәрседен қорқып, үрейленіп жүреді. Бірте-бірте адам санасы тоқырауға ұшырайды. Көру қабілеті нашарлайды. Нашақор ұмытшақ, жалқау, дөрекі болып келеді. Есіл-дерті наша тарту, онсыз күн жоқтай елестетеді.

Нашақорлық – денсаулыққа қатерлі дерт. Нашақорлық адам өміріне қауіпті, оның тұқым қуалау қасиеттері де бар. Ол — түпсіз тұңғиық. Осы ақиқатты жастарға терең ұғындыра білуіміз керек. Одан аулақ болудың жолы -ешқашан оның дәмін татпау. Ал есірткі қармағына іліккендердің одан құтыламын деуі – тек өзін-өзі жұбату. Одан өлім ғана құтқарады. Бұл дерттен айығамын деген нашақор өзіне, ерік-жігеріне сенуі керек. Сонда ғана бір нәтиже шығуы мүмкін. Бұл үшін уақыт, темірдей төзімділік қажет. Тегінде шыңыраудан шығу азабына түскеннен, сол құзға апаратын жолға түспеген жөн.

Leave A Reply

Your email address will not be published.