ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
2024 жылғы «07» тамыз №37
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабқа сәйкес, Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қордай ауданының Қақпатас ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша сайлау округтерін құру:
1) Қақпатас ауылдық округі әкімі – Қақпатас ауылдық округі шекарасындағы Қақпатас сайлау округі.
- Сайлау округінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет бетінде және «Қордай шамшырағы» аудандық қоғамдық-саяси газетінде жариялансын.
Төраға А. Сырлыбаев
Хатшы Г. Ниязгулова