Кандидат ұсынылды

0

«AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтіп, онда «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының LIІ кезектен тыс конференциясына «AMANAT» партиясынан Қақпатас ауылдық округінің әкіміне үміткер ұсыну  және  «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы мүшелеріне өзгерістер енгізу туралы сұрақтар қаралып,  бюро мүшелері тиісті қаулы қабылдады.

Сол күні «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының кезектен тыс LIІ конференциясы өтіп, онда күн тәртібінде  «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінен Қордай ауданының Қақпатас ауылдық округінің әкіміне кандидат ұсыну қаралды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 133-3 бабына және «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі Жарғысының 9.6. тармағына сәйкес «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы Қордай аудандық филиалының кезектен тыс LIІ конференциясының қаулысына сәйкес Қордай ауданы Қақпатас ауылдық округінің әкімі лауазымына кандидаттыққа партия мүшесі Сапарбай Әсет Берікұлы ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.