Мемлекеттік қызмет көрсету түрлері 

0

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады. «Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ауылдық округі әкімінің құзіретіне кіретін «egov.kz»,  «e-лицензия» сайттары арқылы мемлекеттік 17 қызмет түрі  қызметтер көрсетіледі. Оның ішінде жер қатынастар саласы бойынша «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы                № 301 бұйрығының «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»,  «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бойынша қызметтері көрсетіледі.  Бұл қызметтер ҚР Жер Кодексін негізге ала отырып,  жоғарыда аталған  заңның  қызмет көрсету  тәртібімен  жүзеге  асырылады. Қызметтер сапалы  және  уақтылы  көрсетіледі.

Жоғарыдағыны баяндай келе, барлық сұрақтар бойынша Отар ауылдық округі әкімінің аппаратына қайырылсаңыздар болады: 872636-71317; 87774317150; жауапты маман Г.Касенова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.