Куәлерден көмек сұрайды

0

2024 жылдың 25 маусымында ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша Департаменті Қордай ауданы бойынша шекара басқармасы «Өтеген» шекара бөлімшесінің 2-топ бастығы, қатардағы жауынгер Ж. Ә. өзінің басқаруындағы мемлекеттік тіркеу номері В9256АС «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігімен «Алматы-Ташкент» тас жолының 214 шақырымында қарсы бетке шығып, мемлекеттік тіркеу номері 252VJD08 «Toyota Camry» автокөлігімен соқтығысты. Ол көлікті Қордай ауылының тұрғыны Б.С. басқарған, сонымен қатар көлікте Қордай ауылының тағы бір тұрғыны болды. А.К. есімді азаматша Қордай аудандық орталық ауруханасының хирургия бөліміне жеткізілген.  Бұл бойынша «Өтеген» шекара бөлімшесінің қызметшісіне қылмыстық құқықбұзушылық дерегі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Осыған байланысты істің мән-жайын жан-жақты, әрі толық, объективті зерттеу мақсатында аталған жол-көлік оқиғасын көрген азаматтарды 87263669444 немесе 87078960602 байланыс номерлеріне хабарласуды сұраймыз.

Қ.Қайырханов, ҚР ҰҚК ӘПД 1-бөлімі бастығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.