0

Басымдықтарға байланысты болмақ

«Әлемдегі алғашқы АЭС ядролық бөліну реакторларының ерекшеліктерін зерттеуге, атом саласына жоғары білікті кадрларды, ғалымдар мен техникалық персоналды даярлауға арналған өзіндік шеберхана болды. Сондықтан бүгінгі күні АЭС-тің қауіпсіз пайдаланылуына деген сенімділік жоғары білікті атом мамандарының мол тәжірибесіне негізделіп отыр», — дейді ғалымдар. Демек, АЭС құрылысын жүргізуде ядролық қауіпсіздігі жағынан реакторлық қондырғылардың жетілдірілген конструкциясы, белсенді аймақтың негізгі компоненті болып саналатын ядролық отынның сапасы, сенімділігі, үздіксіз дамуы, персоналдың жоғары біліктілігі әрі бақылау органдарының қатаң қадағалауы аса қажет. Ал дұрыс таңдау жасау еліміздегі нақты жағдайлар мен басымдықтарға байланысты болмақ.

А.Ашимова, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты

Leave A Reply

Your email address will not be published.