Қордай ауданы бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялау туралы хабарлама

0

Барлық конкурсқа қатысу-шыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Е-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

 

Индекс 080400, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 2 қабат, № 20,29 кабинет, тел: 8(72636) 2-11-60 немесе электрондық почта: zh.dadabaeva@zhambyl.gov.kz, otdelkadr17@mail.ru.

 

  1. Қордай ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің бас маманы, санаты Е-4, 1 бірлік, № 01-12-02, (лауазымдық жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: «Жеке және заңды тұлғалардың өтініш-арыздарының жұмысын жүргізеді, ұйымдастырады және бақылайды, олардың уақтылы тіркелуін ұйымдастырады және бақылайды. ҚР Президенті Әкімшілігінен, Парламенттен, Үкіметтен, басқа да жоғарғы мемлекеттік органдардан түскен өтініш-арыздарының белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етеді, орындайды. Тіркелген өтініштерді мазмұнына қарай сараптама жасайды және қарауға, өз салалары бойынша, аудан әкіміне, оның орынбасарларына, аппарат басшысына қажет болған жағдайда орындаушыларға (аппараттың бөлімше, әкімдік құрылымдарының басшыларына) жіберуді ұйымдастырады. Өтініштерді басшылар қарағаннан кейін, олардың бұрыштамаларына сәйкес орындаушыларға жіберілуін, шығыс хаттардың дұрыс рәсімделуін, уақтылы жіберілуін ұйымдастырады. Бақылау картотекасын жүргізеді, бақылауға алынған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысты жүзеге асырады және құжаттың бақылаудан алынуын рәсімдейді. Басшылармен бақылауға қойылған құжаттардың көрсетілген мерзімінде орындалуын бақылайды, осы құжаттардың орындалу мерзімі жақындаған жағдайда орындаушыларға ескерту жібереді. Бақылауда тұрған құжаттардың орындалу мерзімі бұзылған жағдайда оның себебін анықтап, мерзімін бұзған лауазым иесіне шара қолдану жөніндегі қызметтік хаттың жобасын дайындап, ол туралы бөлім басшысына хабарлайды. Бақылауда тұрған өтініш–арыздарға берілетін жауапты белгілі себептермен мерзімінде орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда, орындау мерзімін ұзарту жөнінде бақылауға қойған мемлекеттік органның немесе лауазым иесінің келісімін алу жұмысын ұйымдастырады. Бақылауда тұрған өтініш–арыздарға жинақ папкаларын арнайды, онда құжаттардың орындалуы туралы және қажетті мәліметтерді жинақтайды. Аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдауларын ұйымдастырады, тоқсан сайын азаматтарды қабылдау кестесін және қабылданған азаматтар туралы деректерді дайындайды. Жеке мәселелермен қабылданған азаматтардың сұрақтары бойынша аудан әкімімен орынбасарлардың хаттамалық тапсырмаларын әзірлейді, орындалуын қамтамасыз етеді. Тоқсан сайын аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау кестесін аудан әкімінің веб-сайтына орналастыруды іске асырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініш-арыздарын апта, ай және тоқсан сайын сараптап талдайды. Аудан әкімдігінің басшыларының ауылдық округтерде азаматтарды қабылдау кестелерін тоқсан сайын жасайды, олардың орындалуын бақылайды және қорытындысы бойынша ақпарат дайындайды. «Азаматтардың жүгінулері туралы» № 1-ОЛ нысанындағы есебін ай сайын жасауды және оның ҚР Бас прокуратурасының Жамбыл облысы бойынша құқықтық-статистикалық және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басқармасына белгіленген мерзімде тапсырылуын қамтамасыз етеді. Аудан әкімі аппаратының, әкімдіктің және оның құрылымдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  туралы» Заңының талаптарын бұзған мемлекеттік қызметкерлер жөнінде, ол фактілер тексеру кезінде расталған болса, ол туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасына жыл сайын 20 қарашаға дейін жіберуді қамтамасыз етеді. Аудан әкімдігінің бөлімдері, ауылдық округ әкімдіктерімен электрондық құжат айналымы бойынша жұмысты жүргізеді. Ауылдық округ әкімдері аппараттарындағы, сондай-ақ аудан әкімдігінің бөлімдеріндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштері айналымының жай-күйін және бақылауға алынған құжаттардың орындалуын зерделейді. Аудан әкімі аппаратында іс-қағаздарды (қызметтік хаттарды, арыз-шағымдарды, өтініштерді) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті атқарушы органдарының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру туралы» қаулысына және Қағидаға  сәйкес жүргізеді, яғни өтініш-арыздарды тіркейді, шығыс хаттарды жібереді, 1-ОЛ нысанындағы есебін жасайды, мұрағатқа, сенім телефонына байланысты жұмыстарды жүргізеді. Арыз-шағымдар мен өтініштерді тіркеуден өткізгеннен кейін сараптама жасап, аудан әкімінің орынбасарларының, аппарат басшының қарауына жібереді, олардың бұрыштамасына байланысты орындаушыларға дер кезінде жіберуді қамтамасыз етеді. Тікелей жазбаша жүгінген жеке тұлғаға (өкілге) немесе заңды тұлғаның өкіліне бірегей нөмір көрсетілген талон беруді жүзеге асырады. Шығыс хат-хабарларды уақтылы жіберуді қамтамасыз етеді. «Азаматтардың жүгінулері туралы» № 1-ОЛ нысанындағы есебін тоқсан сайын жасайды және оны ҚР Бас Прокуратурасының Жамбыл облысы бойынша құқықтық статистикалық және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басқармасына көрсетілген уақытында тапсырылуын қамтамасыз етеді. Мұрағатқа байланысты жұмыстарды жүргізеді, аудан әкімі аппаратындағы істер номенклатурасын жасайды, жыл соңында номенклатураға байланысты іс-қағаздарының мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етеді, сараптама комиссиясының жұмысын ұйымдастырады, хаттамалық тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Аудан әкімі аппартының мұрағатындағы құжаттардың сақталуына жауап береді. Мұрағаттағы құжаттарды аппарат қызметкерлерінің сұранысына байланысты тауып, көшірмелерін дайындап беруді жүзеге асырады, ол жөнінде арнайы журналға тиісті мәліметтерді түсіріп отырады. Сенім телефонының жұмысын қамтамасыз етеді, сенім телефоны арқылы түскен сұраныстарды, арыз-өтініштерді, басқа да ақпараттарды тіркеуге алады, оны тиісті басшылардың қарауына және оларды орындаушыларға уақытылы жіберілуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, аппарат басшысының, оның орынбасарының және бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады.Мемлекеттік қызметтерді көрсету функциялары жүктелген «Е-Лицензиялау» АЖ-да жұмыс істеуді, орындалуын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім. Мамандығы: Педагогика және психология, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті немесе филология, аударма ісі немесе халықаралық қатынастар, қоғамдық байланыс, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету немесе мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану немесе ақпараттық жүйелер, ақпаратық қауіпсіздік жүйелері.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

 

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, (20,29- жұмыс кабинеттері).

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, мекен-жайда орналасқан Қордай ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Аталған лауазымды иеленген тұлғалар үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.