0

Ғалымдар мен мамандардың айтуынша еліміздегі атом электр стансасы құрылысында МАГАТЭ-нің қатаң стандарттарына сай, III және III+ буынды реакторларын пайдалану жоспарланған екен. Аталған реакторларды таңдау барысында алдымен экономикалық маңыздылығына, қауіпсіздігіне, технологиялық ерекшеліктеріне айрықша көңіл бөлініп, оның қоршаған ортаға әсері, атом электр стансасын салу мен пайдалану барысындағы экологиялық салдары бағаланады. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің профессор-зерттеушісі, қауымдастырылған профессор Инеш Кенжинаның айтуынша, атом энергетикасының ондаған жылдық дамуында инженерлік-техникалық және ғылыми зерттеулердің кең көлемі жиналып, жобалаушыларға жаңа ядролық реактор түрлерін табысты құруға мүмкіндік берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.