Сайлау құқығымды пайдаландым

0

Қордай аудандық мәдениет үйінде орналасқан №239 сайлау учаскесі дауыс берушілерге бауырсақ ұсынып, әдемі әуен ойнатып қарсы алуда.

Еліміз үшін аса маңызды саяси науқанда таңдау құқығы әр азаматқа берілгендіктен, мемлекеттің ертеңіне немқұрайды қарамайтындардың барлығы осы жерден табылуда. Өмірінде алғашқы рет сайлауға қатысып, келешек үшін таңдау жасауға келгендердің бірі Қордайлық – Алматы евразиялық аграрлық колледжінің 4 курс Студенті Уәлихан Төлегенов.

«Болашақ жастардың қолында. Сондықтан да мемлекетіміздің дамуына әр қатарласым өз үлесін қосуы тиіс деп санаймын. «Бүгінгі референдум сондай мүмкіндіктің бірі. Себебі, біз өз дауысымыз арқылы ертеңгі күнге жол қалап, бағытымызды айқындауға септігімізді тигіземіз. Шынымды айтсам, сайлауға бірінші рет қатысқандықтан өте қатты толқып тұрмын. Мен үшін бұл жауапты таңдау, өйткені өзімнің сайлау құқығымды пайдаландым»,-деп пікірімен бөлісті жас студент.

Leave A Reply

Your email address will not be published.