Саяси шараға ауыл ақсақалдары да белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға асығуда. Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет бастаған қариялар №239 референдум учаскесіне барып, дауыс берді.
«Бүгін елімізде үлкен мереке. АЭС салуға қатысты референдумға аудан ардагерлері белсенділік танытып, өз дауысымызды беруге келдік. Мемлекет басшысы осындай маңызды шешімді халықтың еркіне беріп отыр. Осыны біз, ақсақалдар, үлкен жауапкершілікпен қабылдаймыз. Жастарымыз елдің болашағына бей-жай қарамай, таңдауларын жасауға тиіс. Біз тек өз дауысымызбен ғана емес, өнегемізбен де үлгі көрсетуіміз қажет», – деді Біржан Әлімбет.
Ақсақалдардың пікірінше, халықтың белсенділігі мен ынтасы ел дамуына оң әсерін тигізіп, әр азаматтың жауапкершілігін арттырады.
Қордай ауданында халықтың белсенділігі — ел дамуының кепілі
Prev Post
Next Post