Демократиялық даму жолындағы маңызды қадам

0

№240 сайлау учаскесіне барып дауыс бердім. Бүгін баршамыз үшін өте маңызды күн. Еліміздің болашағына қатысты үлкен шешім қабылдаудамыз. Осы орайда қордайлықтар мүлт кетпей, дұрыс шешім қабылдайды деп сенемін. Бұған дейін біз конституциялық реформаны қабылдадық. Бұл әр адамның мемлекеттің саяси өміріне еркін қатысуы. Бүгін біз оны іс жүзінде көрдік. Бұл референдумды Қазақстанның демократиялық даму жолындағы маңызды қадам деп қабылдау керек. Бұл Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.
Сүгірбай Төле Аманжолұлы
Жамбыл облысы мен Қордай ауданының Құрметті азаматы

Leave A Reply

Your email address will not be published.