Әлжан ана тұрғындары өз таңдауын жасады

0

Әлжан ана ауылындағы №242 сайлау учаскесінде бүгін таңнан қызу жұмыс басталған. Ауыл тұрғындары дауыс беріп, таңдау жасауға асықты. Сақадай сай сайланған сайлау учаскесінде дауыс беруге келгендерге барлық жағдай жасалған. Ауыл азаматтары осы күні жарқын көңіл-күймен келіп, өз таңдауларын жасады.
«Еліміздегі жетістіктерге, жаңа бастамаларға ылғи қуанып, барынша қолдап отырамыз. Достық, бірлік, татулық – баға жетпес байлығымыз. Сондықтан да бүгінгідей аса маңызды таңдау кезінде референдумға бір кісідей қатысып, ынтымағымызды паш етсек, кейінгі буынға үлгі көрсетсек деп келдік», дейді Әлжан ана ауылы тұрғындары

Leave A Reply

Your email address will not be published.