АРДАГЕРЛЕР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

0

Референдумда белсенділік танытқандар қатарында аудан ардагерлері де болды. Біржан Әлімбет бастаған бір топ ардагерлер ұлттық киіммен келіп, дауыс беріп, баршаны ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды. Ал, Жамбыл облысы мен Қордай ауданының Құрметті азаматы Төле Сүгірбай дауыс бере отырып, өзінің ізгі тілегін де жеткізді.

«Осы орайда қордайлықтар мүлт кетпей, дұрыс шешім қабылдайды деп сенемін.   Бұған дейін біз конституциялық реформаны қабылдадық.  Бұл әр адамның мемлекеттің саяси өміріне еркін қатысуы. Бүгін біз оны іс жүзінде көрдік. Бұл референдумды Қазақстанның демократиялық даму жолындағы маңызды қадам деп қабылдау керек.  Бұл Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді», — деді Төле Аманжолұлы. Ал, Қордай ауданының құрметті азаматы Әбдібек Сейілханов: «Бүгін референдумда дауыс беру арқылы мен елімнің болашағы үшін өз үлесімді қостым деп сеніммен айта аламын. Еліміз үшін осы бір маңызды саяси науқанда әр адам дауыс беруге белсенді қатысуы керек, деп ойлаймын.  Себебі біз Жаңа Қазақстанды бірге құруымыз керек. Бүгінгі референдум – өзгерістерге бастайтын маңызды қадам. Сондықтан жерлестерімді белсенді болуға шақырамын. Ел болашағы өз қолымызда», — дейді. 240 сайлау учаскесіне барып дауыс бергендер қатарында ұзақ жылдар ауданымызда мемлекеттік қызметте еңбек еткен Қордай ауданының Құрметті азаматы Анатолий Шупта да болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.