Бар тәрбие – кітапта

0

Жазғы демалыста анам көкем екеумізді аудандық кітапханаға жиі апарды. Бір күні отырып ойландым, анам не мақсат етіп жүр екен деп. Анам өзі мұғалім болғандықтан, үйде  бала тәрбиесі, ұлттық құндылық жайлы көп сөз қозғалады.  Күнделікті мектепте де мұғалімдер оқушылардың тәртібіне көп мән беретінін байқадым.

Сол тәрбиені біз ең бірінші үйден, яғни ата-анамыздан, кейін ортадан: мектептегі сыныптастарымнан, ауладағы достарымнан алатынымызды түсіндім. Қазіргі кезде біз көбінесе ұялы телефонмен көп уақыт өткіземіз. Бірақ бұл уақыттың зая кететініне көзім жетіп жатыр. Кітап оқуда тәрбие, ұлттық құндылықтың көп мәні жатқанын түсініп келе жатырмын.

Қазіргі уақытта мен мектептің оқулықтарымен қатар кітапханадан ертегі кітаптарды оқуды әдетіме айналдырдым. Мен қазақ ертегілерінен жақсы көңіл күй, әсер аламын. Кітап менің ой-қиялымды дамытып, сынды тұрғыдан ойлауды және сөз байлығымды көбейтетінін аңғардым.

Сонымен қатар анам менің шығармашылық дағдыларымды дамытуға тырысуда. Мен М.Төлебаев атындағы өнер мектебінің “мүсіндеу, сәндік әрлеу, сурет салу” үйірмесіне қатыстым, фортепиано сыныбында оқып жүрмін, ол менің болашағыма үлкен әсерін тигізеді деген ойдамын.

Ата-анам менің болашақ өмірге, жақсы дайындықпен қадам басса деген ниетте. Мен болашақта Қазақстан Республикасына, қоғамға, еліміздің дамуына үлкен үлесімді қосқым келеді.

Айсұлу Ұлан, 2 “А” сынып оқушысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.