0

Бүгін Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің«Тілдерді оқыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен ауданындағы колледж студенттері арасында Республика күніне орай «Менің Отаным – Менің Қазақстаным» тақырыбында өлеңді мәнерлеп жатқа оқудан байқау өтті. Бұл іс-шара өзге ұлт жастарының арасында қазақ тілін насихаттау және олардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Байқауға ауданның әртүрлі колледждерінен келген өзге ұлт өкілдерінің студенттері қатысты. Олар қазақ ақындарының Отан, Тәуелсіздік және патриотизм жайлы өлеңдерін жатқа оқып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әсіресе, қазақ тілін жетік меңгерген жас буын өкілдерінің өлең оқудағы ерекше шеберлігі қазылар алқасын тәнті етті.

Іс-шараның қорытындысы бойынша №7 Бетқайнар колледжінің студенттері жүлделі орындарды иеленді.
І орын: Малянщи Сулийя Омарқызы;
ІІ орын: Беляев Валерий Константинович;
ІІІ орын: Моренкова Вера;

Үздік қатысушылар арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, жетекшілік жасаған ұстаздарға да естелік сыйлықтар табыс етілді.

Байқау қазақ тілін дамыту, жастар арасында патриоттық тәрбиені насихаттау және ұлттық бірлік идеяларын нығайтуға үлес қосты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.