ӨЗГЕРТУЛЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

0

7 қарашада аудандық мәслихаттың сессиясы өтіп, оны Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықов жүргізді. Сессия жұмысына депутаттардан бөлек аудан әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бақаев, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, аудандық қоғамдық кеңестің төрайымы, бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты. Сессияда ағымдағы жылғы аудан бюджетіне өзгертулер енгізу туралы мәселе қаралып, ол жайында аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева жан-жақты ақпарат берді. Енгізілетін өзгертулер бірауыздан қолдау тапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.