АУЫЗ СУ ЖАЙЫ ӘРҚАШАНДА ӨЗЕКТІ

0

Дүйсенбі күні аудандық «AMANAT» партиясы филиалының мәжіліс залында, партияның аудандық мәслихатындағы депутаттық фракция отырысы өткізілді.

«AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов төрағалық еткен фракция отырысына аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов және бірқатар мәслихат депутаты қатысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін елді мекендерді толығымен ауыз сумен қамту туралы нақты тапсырма берген болатын. Осы ретте, аудандағы ауылдық елді мекендер тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде атқарып жатқан жұмыстар мәселесі күн тәртібінде қаралып, аудан әкімінің орынбасары Бақыт Оңласынұлының хабарламасы тыңдалды. Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары ағымдағы жылға жоспарланған шаралардың басым бөлігі орындалғанын айтып, аталмыш сауал бойынша жыл аяғына дейін жүзеге асатын жұмыстарға тоқталып өтті. Баяндамашының дерегінше, мемлекет басшысының 2025 жылға дейін Қазақстанның барлық елдімекендерін жүз пайыз сапалы ауыз сумен қамту тапсырмасы бойынша аудан әкімдігі тарапынан 5,5 млрд. теңгеге 6 ауыз су желісінің құрылысы аяқталған. Атап айтқанда Ноғайбай, Қордай (цем.завод, кр.партизан), Қайнар, Степное, Қарасу ауылдары. Сонымен қатар, бүгінгі күнге Бәйтерек, Соғанды, Шарбақты, Кунбатыс-2, Еңбек, Сарыбұлақ елді мекенінде су құбырларының құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін Бәйтерек, Соғанды, Еңбек ауылдарының жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда. Күнбатыс-2, Шарбақты ауылдары 2025 жылға өтпелі жоба. Ал, Сарыбұлақ ауылына келетін болсақ, жобаға түзетулер енгізілуіне байланысты мерзімі ұзартылған. Сондай-ақ 12 елді мекенді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу үшін жобалаушы мекемелермен келісім шарттар жасалған.

Шара соңында, партия филиалының төрағасы Бейқұт Тлебалдыұлы күн тәртібінде қаралған мәселенің маңыздылығын алға тартып, фракция мүшелерін жұмысты жандандыруға, бірлесе бақылауда ұстауға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.