ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРМЕН КЕЗДЕСУ

0

Дүйсенбі күні «AMANAT» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Tomiris» жобасы аясында аудандық іскер әйелдер өкілдерімен кездесу өткізілді.

Шараға партияның аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов, іскер әйелдер және жастар өкілдері қатысты. Жыл басталғалы бүгінгі күнге дейін аудандық партия филиалы ауқымды жұмыстар атқарып, тұрғындардың талап-тілектерін басты назарда ұстап келеді. Сонымен қатар, «Ардагерлерді ардақтайық!», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ауыл Аманаты» бағдарламаларын халық пен билік арасын жақындату бағытында қолға алынған үздік жобалар қатарына жатқызуға болады. Сондай жобалардың бірегейі болып табылатын «Tomiris» әйелдер көшбасшылығын арттыру жобасы. Аталмыш бағдарламаның басты мақсаты – қатысушыларды көшбасшылық, саясаттағы гендерлік мәселелер, құқық, эмоционалды интеллект, жобаларды басқару, келіссөздер, көпшілік алдында сөйлеу және басқа тақырыптар бойынша біліктілігін көтеру.

«Нәзік жандылар отбасының ырыс-берекесін сақтап, өскелең ұрпаққа тәрбие берумен қатар, қоғамының сан алуан саласында да белсенділік танытуда. Бұл орайда, әйелдердің мәртебесін көтеріп, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру партияның алға қойған мақсаттарының бірі. Дана халқымыздың ежелден нәзік жандыларын қастерлеп, шаңырақтың шырағы, ынтымақ пен ырыстың алтын діңгегі деп білуі бекер емес. Бүгінде әйелдер қауымы отбасының ұйытқысы болып қана қоймай, еліміздің дамуына үлес қосып, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени салада табысты еңбек етіп келеді», — деп атап өткен Бейқұт Тлебалдыұлы аудандық белсенді азаматша Людмила Харченкоға «AMANAT» партиясы төрағасы Ерлан Қошановтың Алғыс хатын, Гүлнар Әлімбаеваға партияның атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің Алғыс хатын табыстады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.