Қордай аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 2 қарашасындағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының, талаптарына сәйкес Қоғамдық кеңес құрылуына байланысты Қоғамдық кеңес мүшелігіне конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.
Осы Қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау үшін коммерциялық емес ұйымның немесе өзге қоғамдық бірлестіктерден және азаматтардан ұсыныстар 2025 жылдың
8 мен 21 қаңтар аралығында қабылданады.
Құжаттарды қабылдау мекен-жайы және уақыты:
Қордай ауылы, Төле би көшесі, № 106.
№11 бөлме, байланыс телефоны, 2-10-59,
Электрондық мекенжай: korday_maslihat@mail.ru
Уақыты: сағат 9:00-ден 18:30-ге дейін, үзіліс: 13:00 — 14:30.
Қоғамдық кеңес құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобының мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:
1) Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобы құрылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы бола алады;
2) сотталғандығы болмауы;
3) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылмаған болуға;
1) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.
Жоғарыда көрсетілген үлгіге мыналар қоса беріледі:
- Кандидатты тиісті Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық ұйымның және өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы отырысының хаттамасынан үзіндіні.
- Коммерциялық емес ұйымның және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі.
- Кандидаттың Қоғамдық кеңестің жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші қосымша бойынша жіберіледі.
Н.САДЫҚОВ, Қордай аудандық мәслихатының төрағасы