ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВТЫҢ АНА ТІЛІ ГАЗЕТІНЕ БЕРГЕН СҰХБАТЫНАН
Қазақстандағы жастардың қазіргі жағдайы туралы айтқанда, олардың білім алу мен өзін-өзі дамытуына арналған мүмкіндік-тердің кеңейіп келе жатқанын атап өту керек. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарға деген қамқорлығы, олардың дамуына арналған нақты ұсы-ныстары болашақ ұрпақ үшін маңызды бағыттарды көрсе-теді. Мемлекет басшысы жастарды еңбекқор әрі білімді болуға шақырады. Бүгінгі жас ұрпақтың халықаралық аренада бәсекеге қа-білетті болуына ар-налған шараларды жүзеге асыру қажет. Жастарға шетелде білім алуға мүмкіндік беру, олардың кәсіби деңгейін арттыру және елге оралған соң еңбекке тарту маңызды мақсаттардың бірі болып табылады. Сондықтан жастарға арналған жаңа жобаларды қолдап, олардың дамуына жағдай жасау барша қазақстандықтардың міндеті болуы тиіс.
Осы орайда тағы бір айта кетерлігі Қазақстанда 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялау – бұл еліміздегі еңбек адамына деген құрметтің көрінісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл бастама шекара қызметкерлері, дәрігерлер, тәртіп сақшылары мен өндіріс мамандары сияқты еңбекқор азаматтарымыздың еңбегін бағалауға бағытталған. Жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы жоғары болғанымен, олар жиі ескерусіз қалады. Бұл жыл олардың еңбегін жоғары бағалап, болашақ ұрпаққа үлгі көрсететін уақыт.
Талғат СӘРСЕМБАЕВ, облыстық мәслихат депутаты, «Қордай Корм» ЖШС басшысы