СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ РӨЛІ

0

Еліміздің тәуелсіздік алғанан кейін, мемлекеттік тіліміз барлық мемлекеттік мекемелерде және қоғамымызда жаңа денгейде пайдалана бастады.

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі № 151 Заңы қабылданып, бұл занның ең басты мақсаты Мемлекеттiк, мемлекеттiк емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiнде тiлдердi қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар осы Заң реттейтiн мәселе болып табылады.

Осы занның 4-бабына сәйкес, Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып келеді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 14-бабының талаптарына сәйкес сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою арызы (арыз) берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді.

Сот істі сот талқылауына дайындау сатысында талап қоюшының (арыз берушінің) талап арыз (арыз) берілген тілді жеткілікті дәрежеде білетіндігін, сот ісін жүргізудің мәні мен мағынасын түсінетіндігін анықтауға тиіс. Сот талап қоюшыдан (арыз берушіден) тиісті жазбаша өтінішхат түскен жағдайда сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді ұйғарым шығарады. Тараптардың тең құқықтылығы қағидатын ескере отырып, сот осы мәселе бойынша жауапкердің де пікірін анықтауға міндетті.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 30-бабында Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісі қазақ тілінде жүргізілетіндігі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа да тілдер қолданылатыны көрсетілген.

Сонымен қатар іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу мәселесі әрдайым бақылауда, ресми құжаттар тек қана мемлекеттік тілде, ал аудармасы ғана орыс тілінде жазылады.

Сотқа келіп түскен талап арыздардың орыс тілінде түсуі, ол жергілікті халықтың этникалық құрамына байланысты, соттарда мемлекеттік тілде қаралатын істердің санына әсер етеді.

Мемлекеттік тілді жеттік біліп қана қоймай, мемлекеттік тілдегі сот актілерінің сапасына көңіл бөлу қажет, соған байланысты қазақ тілін үйрену курстары ашылып, онда сот мамандары мемлекеттік тілді үйренуде, бұл курстарға судьяларда қатысуда, қуантарлық жағдай ол сот жүйеміздегі жұмыс атқаратын басқа да ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренуге деген құлшынысы.

Е.ІЛИЯСОВ, Қордай аудандық сотының төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.