«Зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 4 желтоқсандағы №141-VIII ЗРК Заңына сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап 138665 жасына байланысты және күш құрылымдарының еңбек сіңірген зейнетақы төлемдерін алушылардың зейнетақы мөлшерлері 8,5 пайызға арттырылды.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес, зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ең жоғарғы табыс 55 еселенген айлық есептік көрсеткішпен белгіленген, яғни жаңадан 2025 жылы тағайындалатын зейнетақы мөлшерін есептеу үшін ең жоғарғы табыс 216 260 теңгені құрайды (55*3932).
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, ең төменгі зейнетақы мөлшері 62 771 теңге мөлшерінде (01.01.2024 жылы 57 853 теңгені құраған) белгіленді.
Жасына байланысты зейнетақыны бүгінгі күні Жамбыл облысы бойынша 138 665 зейнеткер алады.
Базалық зейнетақы мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңына сәйкес белгіленеді. 2025 жылдың қаңтарынан ең төменгі базалық зейнетақы 32 360 теңге мөлшерінде белгіленген.
Базалық зейнетақыны жасына байланысты зейнетақыға қосымша барлық зейнеткерлер, сондай-ақ, өз жәрдемақыларына қосымша зейнеткерлік жасына жеткен мүгедектер алады. Зейнеткерлік жасына жеткен, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушы тұлғалардың, көрсетілген жәрдемақылар орнына базалық зейнетақыны алуға құқықтары бар. Осы аталған базалық зейнетақыны бүгінгі күні Жамбыл облысы бойынша 132 253 зейнеткер алады.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 205-бабына сәйкес ең төменгі күнгөріс деңгейінің жаңа мөлшеріне пайыздық қатынаста белгіленеді. Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болғанда немесе болмағанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы (65 пайыздың орнына) мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырылады, бірақ ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 110 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі. Бұл жаңа тағайындалған зейнеткерлерге және 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққандарғада қатысты.
Осылайша, 2025 жылы ең төменгі зейнетақы төлемдері 95 131 теңгені құрайды (ең төменгі зейнетақы және базалық зейнетақыны қосқанда).
Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы 2025 жылдың 1 қаңтарынан 149 416 теңгені құрайтын болады.
Баланы және ананы қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат аясында жанұяда төрт және одан да көп баланың туылуына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы 2025 жылдың қаңтарынан жәрдемақы мөлшері 247 716 теңгені құрайды.
Баланың бір жарым жасқа дейінгі күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджеттен отбасының табысына қарамастан төленеді. Баланың бір жарым жасқа дейінгі күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджеттен 2025 жылы 6,5 пайызға арттырылды.
Балалар саны | 01.01.2024
жылғы мөлшері |
01.01.2025
жылғы мөлшері |
Арттырылуы
|
||
АЕК-пен | теңгемен | АЕК-пен | теңгемен | ||
бірінші балаға … | 5,76 | 21 266 | 5,76 | 22649 | 1383 |
екінші балаға … | 6,81 | 25 143 | 6,81 | 26777 | 1634 |
үшінші балаға … | 7,85 | 28 983 | 7,85 | 30867 | 1884 |
төртінші және одан көп балаға … | 8,90 | 32 859 | 8,90 | 34995 | 2136 |
Жамбыл облысы бойынша бұл өзгеріс 2025 жылы балалары бір жарым жасқа толатын 9314 бала күтімі бойынша жәрдемақы алушыларға әсерін тигізеді.
Мүгедек баланы тәрбиелеушілерге және бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамдарға ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,61 мөлшерінде төленеді. Бұл төлем мүгедек балаға және бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамдарға төленетін жәрдемақыға қарамастан жүргізіледі. Жәрдемақы көлемі 01.01.2025 жылдың қаңтарынан 74 428 теңгені құрайды.
«2025-2027 жылға арналған республикалық бюджет» туралы ҚР Заңына сәйкес 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің көрсеткіші 43 407 теңгеден 46 228 теңгеге өзгерді.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың түрлерінің мөлшерлері 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты арттырылады.
2025 жылғы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерлерін келесі кестеден көруге болады:
Анықтама: ең төмен күнкөріс деңгей көрсеткіші (КД) 01.01.2024 жылы – 43407 теңге, 01.01.2025 жылдан – 46228 теңге.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік базалық жәрдемақылар
Мүгедектік санаттары | Тобы | 01.01.2024
жылғы мөлшері |
01.01.2025
жылғы мөлшері |
Артты-рылуы
|
||||
КД-нен | теңгемен | КД-нен | теңгемен | |||||
Жалпы аурулар, сондай-ақ , сәтсіз жағдайлардағы (қызметтен тыс) мүгедек болған ІІО мен әскери қыметкерлер | 1 топ | 2,20 | 95 496 | 2,20 | 101702 | 6206 | ||
2 топ | 1,76 | 76 397 | 1,76 | 81362 | 4965 | |||
3 топ | 1,20 | 52 089 | 1,20 | 55474 | 3385 | |||
7-жасқа дейінгі мүгедек-балалар | 1,61 | 69 886 | 1,61 | 74428 | 4542 | |||
7 жастан 18-ге дейінгі мүгедек-балалар | 1 топ | 2,20 | 95 496 | 2,20 | 101702 | 6206 | ||
2 топ | 1,83 | 79 435 | 1,83 | 84598 | 5163 | |||
3 топ | 1,61 | 69 886 | 1,61 | 74428 | 4542 | |||
Балалық жастан мүгедектер | 1 топ | 3,22 | 139 771 | 3,22 | 148855 | 9084 | ||
2 топ | 2,75 | 119 370 | 2,75 | 127127 | 7757 | |||
3 топ | 2,31 | 100 271 | 2,31 | 106787 | 6607 | |||
Мерзімдік қызмет етуші әскери қызметкерлері, ядролық аппаттарды жоюшылар, экологиялық ықпал ету әсерінен болған мүгедектер | 1 топ | 3,22 | 139 771 | 3,22 | 148855 | 9084 | ||
2 топ | 2,75 | 119 370 | 2,75 | 127127 | 7757 | |||
3 топ | 2,31 | 100 271 | 2,31 | 106878 | 6607 | |||
Қызметтік міндеттерін атқару барысындағы мүгедектік алған ІІО мен әскери қызметкерлері | 1 топ | 3,94 | 171 024 | 3,94 | 182139 | 3,94 | ||
2 топ | 3,04 | 131 958 | 3,04 | 140534 | 3,04 | |||
3 топ | 2,31 | 100 271 | 2,31 | 106878 | 2,31 | |||
Асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік базалық жәрдемақылар
еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің саны | Отбасының бір мүшесіне (КД-нен) | 01.01.2024жылғы мөлшері | 01.01.2025 жылғы мөлшері | Артты-рылуы
(теңге) |
||
КД-нен | теңгемен | КД-нен | теңге-мен | |||
еңбекке жарамсыз 1 мүшеге | КД-нен 0,86 | 0,92 | 39 935 | 0,92 | 42530 | 2595 |
еңбекке жарамсыз 2 мүшеге | КД-нен 1,49 | 1,70 | 73 792 | 1,70 | 78588 | 4796 |
еңбекке жарамсыз 3 мүшеге | КД-нен 1,85 | 2,25 | 97 666 | 2,25 | 104013 | 6347 |
еңбекке жарамсыз 4 мүшеге | КД-нен 1,96 | 2,60 | 112 859 | 2,60 | 120193 | 7334 |
еңбекке жарамсыз 5 мүшеге | КД-нен 2,03 | 2,75 | 119 370 | 2,75 | 127127 | 7757 |
еңбекке жарамсыз 6 және одан да көп мүшеге | КД-нен 2,11 | 3,00 | 130 221 | 3,00 | 138684 | 8463 |
Толық жетімдерге (әр балаға)
Осы отбасындағы қалған мүшелеріне |
КД-нен 1,18
КД-нен 0,54 |
1,54
0,62 |
66847 26913 | 1,54
0,62 |
71192
28662 |
4345 1749
|
Жамбыл облысында бұл өзгеріс мүгедектігі бойынша 33 822 жәрдемақы алушылардың барлық санаттарын, асыраушысынан айырылуына байланысты 12 921 жәрдемақы алушыларды қамтиды.
Міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстанда әлеуметтік қорғаудың екінші деңгейі ретінде, 2005 жылдан бастап жұмыс істейді. Сақтандырудың жұмыс істейтін азаматтар үшін бес түрі қарастырылған болатын — еңбек ету қабілетін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмыстан айырылу, жұктілігіне байланысты және баланы бір жарым жасқа дейінгі күтімі бойынша жағдайлардан сақтандыру. Бүгінгі күнде меншік түріне қарамастан барлық өнеркәсіп пен мекемелер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына өз жұмысшылары үшін еңбекақысынан 3,5% көлемінде есептеп, әлеуметтік салық есебінен жарналар төлейді. Жамбыл облысы бойынша аталған төлемді алатын алушылардың саны 37 028.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2025 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қараша айының № 970 қаулысына сәйкес 2025 жылы 1 қаңтарынан бастап 6,5 % артады.
МӘСҚ еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің 7760 алушылардың мөлшерлері 6,5 % көбейтілді.
«2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет» туралы ҚР Заңына сәйкес 2025 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 3692 теңгеден 3932 теңгеге өзгерді. Жамбыл облысы бойынша 30 мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылардың (№1 Тізімдер бойынша) мөлшерлері 6,5 пайызға арттырылды.
Анықтама: (АЕК) 01.01.2024 жылы – 3692 теңге, 2025 жылы – 3932 теңге:
Мемлекеттік арнайы жәрдемақы (№1, №2 тізімдер бойынша жұмыстар)
Жәрдемақы атауы | 01.01.2024 жылғы мөлшері | 01.01.2025 жылғы мөлшері | Артты-рылуы
(теңге) |
||
АЕК-тен | теңгемен | АЕК-тен | теңгемен | ||
№1 тізім бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы | 9,42 | 34 779 | 9,42 | 37040 | 2261 |
№2 тізім бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы | 8,38 | 30 939 | 8,38 | 32951 | 2012 |
01.01.2024 жылдан бастап мемлекеттік саясат бағдарлама шеңберінде салалардың дамуына елеулі үлес қосуды және қызметкердің денсаулығына зиян келтіру дәрежесін ескеретін зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін арнаулы әлеуметтік төлемдер енгізілді. Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың 55 жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде 84 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген кезде мыналардан:1) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыдан; 2) зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінен; 3) жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемнен; 4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемінен тұратын арнаулы әлеуметтік төлемге құқығы болады. Осы көзделген төлемдерге құқық еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскер еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда туындайды.
Әлеуметтік Кодекстің 195-3 бабына сәйекс арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақының мөлшері екі ең төмен күнкөріс деңгейінің белгіленген шамасын құрайды . Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ескеріле отырып жүзеге асырылады.2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнгөріс деңгейінің мөлшері 43407 теңғеден 46288 теңгеге ұлғаюына байланысты арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 92 456 теңгені құрайды (2024 жылы – 86814 теңгені құраған). Жабыл облысы бойынша 591 адам арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы алады.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың (нағыз жеңілдіктер орнына) мөлшерлері де АЕК-тің өсуіне байланысты өзгерді. 2025 жылға арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды есептеу үшін АЕК мөлшері 3932 теңге көлемінде белгіленді (01.01.2024 жылы — 3692 теңгені құраған).
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар (нағыз жеңілдіктер орнына).
Жәрдемақы атауы | 01.01.2024жылғы мөлшері | 01.01.2025 жылға мөлшері | Арттырылуы
(теңге) |
||
АЕК-тен | теңгемен | АЕК-тен | теңгемен | ||
Социалистік еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлері.. | 138,63 | 511 822 | 138,63 | 545094 | 33272 |
ҰОС қатысушылары | 16,00 | 59 072 | 16,00 | 62912 | 3840 |
ҰОС мүгедектері | 16,00 | 59 072 | 16,00 | 62912 | 3840 |
ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар | 6,19 | 22 854 | 6,19 | 24340 | 1486 |
ҰОС мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар | 7,55 | 27 875 | 7,55 | 29687 | 1812 |
ҰОС-да қаза тапқан жауынгерлердің жесір әйелдері | 4,48 | 16 541 | 4,48 | 17616 | 1075 |
қайтыс болған әскери қызметкерлерінің отбасылары | 4,59 | 16 947 | 4,59 | 18048 | 1101 |
қайтыс болған ҰОС қатысушылар мен мүгедектерінің әйелдері (күйеулері)… | 2,56 | 9 452 | 2,56 | 10066 | 614 |
ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері | 2,13 | 7864 | 2,13 | 8376 | 512 |
1988-89ж.ж. ЧАЭС-ғы апат салдарын жоюға қатысушылар… | 6,19 | 22854 | 6,19 | 24340 | 1486 |
1-2 топтағы мүгедектері | 1,71 | 6314 | 1,71 | 6724 | 410 |
3-топтағы мүгедектері | 0,74 | 2733 | 0,74 | 2910 | 177 |
саяси қуғын-сүргін құрбандары | 1,23 | 4542 | 1,23 | 4837 | 295 |
ҚР сіңірген еңбегі үшін дербес зейнеткерлер | 1,23 | 4542 | 1,23 | 4837 | 295 |
«Қазақстанның ғарышкер ұшқышы» күрметті атағы берілген тұлғалар | 138,63 | 511822 | 138,63 | 545094 | 33272 |
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілген тұлғалар | 138,63 | 511822 | 138,63 | 545094 | 33272 |
Жоғарыда аталған іс-шараларды орындау мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы мен Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша қалалық және аудандық бөлімдерімен зейнетақы және жәрдемақы мөлшерлерін арттыруға 465 843 шешім жобалары дайындалып, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының Жамбыл облысы бойынша филиалы арқылы бірлескен жұмыстар атқарылды.
Жаңа мөлшердегі төлемдер 2025 жылғы қаңтардың бірінші жұмыс күнінен бастап, яғни 2025 жылдың 5-ші қаңтарынан бастап төленіп бастайды.
М.Сарманов, «Азаматтарға арналған үкімет » МК коммерциялық емес акцонерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының Қордай аудандық бөлімінің басшысы