«Болашаққа ұмтыл — өз өмірің өз қолыңда»

0

Қордай ауылдық округінің жастар ісі  жөніндегі инспекторлары И.Мейірманов пен А.Сурованың ұйымдастыруымен «Болашаққа ұмтыл-өз өмірің өз қолыңда» тақырыбында пробация есебінде тұрған жастармен кездесу өтті.

Жиынға «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов, аудандық мәслихат депутаты Қатира Уалиева қатысып, кездесу барысында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бейқұт Тілебалдыұлы осындай кездесулердің маңыздылығы, олардың жиі өткізілу керектігі және пробациямен тығыз жұмыс жасау қажеттігін атап өтті. Жиында бұрын сотты болғандардың қайтадан қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеуін қадағалау, азаматтық, адамгершілік, өнегелік, отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеу, қабілетін арттыру бағыты бойынша да қосымша түсініктемелер берілді.

Одан кейін жеке мәселелермен пробация есебінде тұрған жастарды жеке қабылдау болды. Қабылдауда жеке сұрақтармен қайырылған азаматтардың мәселелері талқыланып, заң аясында түсініктеме берілді.

Мадина УЗБЕКОВА

Leave A Reply

Your email address will not be published.