Қордай ауданы аумағында 2025 жылдың 20-29 қаңтар аралығында «Тұрмыс!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Оның барысында полиция қызметкерлері Қордай аудандық полиция бөлімінде есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша тұрақты түрде тексеру жүргізеді.
Аталған тұлғалармен отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған профилактикалық жұмыстар өткізіледі, сонымен қатар азаматтарға күнделікті өмірде отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынасқа байланысты құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны түсіндіріледі.