ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛҒА ЖОЛ ЖОҚ

0

Жамбыл облысының басты мәселелерінің бірі – жанар-жағармайды (ЖЖМ) Қырғызстанға заңсыз шығару. Бұл жағдайды бақылауға алу мақсатында «Переток» жедел-профилактикалық шарасы жүргізілді. Нәтижесінде заңсыз жанармай шығару 65%-ға азайды. Бұл шара ЖЖМ тапшылығын болдырмауға мүмкіндік беріп, диқандардың уақытылы егін жинауына оң әсерін тигізді. Сонымен қатар, көлеңкелі экономикаға қарсы күрестің бір бөлігі – акцизделетін (контрафактілі) өнімдердің заңсыз айналымын тоқтату. Бұл заңсыз әрекеттер ел экономикасына, адал кәсіпкерлерге үлкен зиян келтіріп, халықтың денсаулығына қауіп төндіреді. 2024 жылы: 5 млрд теңгеден астам заңсыз акциздік өнімнің (темекінің) айналымы анықталды. 22 қылмыстық іс тіркелді. Акциз сомасы 2 млрд теңгені құрады. 7 миллион қорап заңсыз темекі тәркіленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.