Жақында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында ауыл әкімдерінің сайлауы бойынша конференция болып өтті. Конференцияға облыстық мәслихат депутаты Айман Ашимова, партияның аудандық төрағасы Бейқұт Жамангозов және өзге де делегаттар қатысты. Аталмыш шара жұмысына қатысқан делегаттар ауыл әкімі лауазымына ұсынылатын кандидатты бекітіп, партияның сайлау-алды бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы есебі тыңдалды.
Шараға қатысушы делегаттардың бірауыздан қабылданған шешімімен, Сортөбе ауылдық округіне кандидат ретінде Фушанло Рустам Юнусович қайта ұсынылды.
Айта кетейік, Рустам Фушанло 1986 жылы 29 тамызда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары 2008 жылы Қырғызстан Республикасы, Қырғыз Ұлттық университетін аяқтаған. Мамандығы — заңгер. Еңбек жолын 2009 жылы Сортөбе ауылдық округі әкімі аппаратының әлеуметтік қызметкері болып бастады. 2011-2013 жылдары Алматы қаласында жеке кәсіпкер. 2013-2016 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы. 2018-2019 жылдары Сортөбе ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарып, 2019-2021 жылдары Сортөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымында болды. 2021 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарған. Отбасылық жағдайы – үйленген 5 бала тәрбиелеуде.