Туберкулёз – Mycobacterium tuberculosis complex тобына жататын микобактериялар қоздыратын жұқпалы ауру. Әдетте, инфекция өкпеге әсер етеді, бірақ буындар, сүйектер, көздер, тері және тіпті жүйке жүйесін де зақымдауы мүмкін. Туберкулёз әлеуметтік маңызы бар және айналадағы адамдар үшін қауіпті аурулардың қатарына жатады. Аурулардың халықаралық жіктемесінің (МКБ-10) оныншы қайта қарауында туберкулёз A15 – A19 кодтарымен белгіленеді (түріне байланысты).
ТУБЕРКУЛЁЗДІҢ ҚОЗДЫРҒЫШЫ
1882 жылы 24 наурызда ғалым өзінің ашқан жаңалығын жариялады, кейін бұл күн Дүниежүзілік туберкулёзбен күрес күні болып белгіленді.
Туберкулёз микобактериялары-ның құрамында туберкулопротеидтер бар, олар қабыну реакциясын тудырып, гранулёма – инфекция ошағын оқшаулайтын тін өсіндісін қалыптастырады.
Бұл бактериялар сыртқы ортада өте төзімді:
- +90 °C дейінгі қыздыруға және -260 °C дейінгі мұздатуға шыдайды;
- қышқылдар, сілтілер мен спирттер әсерінен өлмейді;
- кітап беттерінде сілекей немесе қақырықпен бірге 3 айға дейін сақталады.
Туберкулёзді емдеуде антибиотиктер қолданылады, бірақ кейбір штамдар оларға төзімді болып кеткен. Сондықтан, емдеу алдында микобактериялардың дәріге сезімталдығын зерттеп, тиімді препараттар таңдалады.
ҚАЛАЙ ЖҰҒАДЫ?
- Ауамен (түтін, тамшы) – науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде, күлгенде бактериялар ауаға тарайды.
- Ауамен-тозаң арқылы – кепкен қақырық пен сілекей бөлшектері ауаға көтеріліп, тыныс жолдарына түседі.
- Тағам арқылы – ауру малдың сүтін немесе етін пайдаланғанда.
- Тұрмыстық байланыс арқылы – науқастың жеке заттарын, ыдыстарын бірге қолданғанда.
- Анадан балаға – сирек кездеседі.
КІМДЕР ЖИІ ШАЛДЫҒАДЫ?
Иммунитет әлсіз болса, жұқтыру қаупі жоғары. Иммунитеттің төмендеуіне себеп болатын факторлар:
- ВИЧ/СПИД, қант диабеті, ауыр бүйрек және онкологиялық аурулар;
- ұзақ уақыт антибиотиктерді қабылдау;
- ағзаның иммундық реакциясын басатын дәрілерді қабылдау (трансплантациядан кейін);
- дұрыс тамақтанбау, анорексия;
- алкоголь мен есірткі заттарын пайдалану.
Қауіп тобындағы адамдар:
- медицина қызметкерлері;
- қарттар үйлері мен баспанасыздарға арналған мекемелердің қызметкерлері;
- түрме қызметкерлері мен сотталғандар.
ҚАЛАЙ ДАМИДЫ?
Көп жағдайда микобактериялар ағзаға енгенімен, иммунитет оларды жойып, ауру дамымайды. Алайда кейбір адамдарда инфекция белсенді кезеңге өтеді.
Туберкулёздің екі түрі бар:
- Бастапқы (алғашқы) туберкулёз – инфекция жұққаннан кейін бірден дамиды.
- Қайталанған (екіншілік) туберкулёз – бұрын ағзада болған инфекция иммунитет әлсіреген кезде белсендіріледі немесе адам қайтадан жұқтырады.
Белгілері:
Аурудың екі негізгі белгісі бар:
- Интоксикация белгілері:
- Кешкі уақытта дене қызуының көтерілуі;
- Түнгі тершеңдік;
- Әлсіздік, шаршау;
- Тәбеттің төмендеуі;
- Салмақ жоғалту;
- Бас ауруы, ашушаңдық.
- Өкпе туберкулёзінің белгілері:
- Ұзаққа созылған жөтел (3 аптадан артық);
- Қан аралас қақырық (қан түкіру);
- Кеудедегі ауырсыну;
- Дене қызуының 37,5°C-тан жоғары болуы;
- Әлсіздік, тершеңдік, салмақ жоғалту.
Егер осы белгілердің кез келгені байқалса, дереу дәрігерге қаралу қажет!
ӨКПЕ АСҚЫНУЛАРЫ
- Өкпеден қан кету;
- Спонтанды пневмоторакс (өкпе мен көкірек қуысына ауа жиналу);
- Жүрек-өкпе жеткіліксіздігі;
- Өкпенің белгілі бір бөлігінің жұмыс істемеуі (ателектаз);
- Өкпеде патологиялық өзгерістердің қалуы.
Басқа органдардағы асқынулары:
- Бүйрек туберкулёзінде – созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, бел аймағында жыланкөз (свищ) пайда болуы, қан қысымының жоғарылауы;
- Ер адамдардың жыныс мүшелерінің туберкулёзінде – ұрықсыздық, жыныстық дисфункция, жыланкөздер;
- Іш қуысы мүшелерінің туберкулёзінде – ішек өтімсіздігі, іштің перитонитке немесе абсцеске әкелетін ойық жаралары.
АНЫҚТАУ (ДИАГНОСТИКА)
Бұл ауру әртүрлі органдар мен тіндерді зақымдайтындықтан, оны диагностикалау қиынға соғады. Сондықтан уақытылы дәрігерге қаралу маңызды.
АЛДЫН АЛУ
- Жеке гигиенаны сақтау;
- Үйді жүйелі түрде тазалау және желдету;
- Дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын сақтау;
- Уақытында БЦЖ вакцинасын алу.
Д.САБИРОВА, Бетқайнар дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері