ЭТИКА ЖӘНЕ ДЕОНТОЛОГИЯ – САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК

0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында заманауи медицина тек кәсіби шеберлік пен жаңа технологияларға ғана емес, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің жоғары адами қасиеттеріне, этикалық мәдениеті мен моральдық жауапкершілігіне негізделуі тиіс екенін ерекше атап өтті. Бұл биік талаптар әрбір дәрігер мен медбикенің күнделікті қызметіндегі басты бағытқа айналуы тиіс.

Осы міндеттерді жүзеге асыру аясында бүгін Кордай аудандық орталық ауруханасында «Этика және деонтология» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізілді. Шара барысында дәрігерлік құпияны сақтау, науқастың құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу, әріптестер арасындағы сыйластық қарым-қатынас және күрделі жағдайларда этикалық шешім қабылдау сияқты маңызды мәселелер жан-жақты қарастырылды.

Бұл дәрістің негізгі мақсаты – медициналық мамандардың бойында кәсібилік пен адамгершілік қасиеттерді үйлестіре отырып, олардың науқастармен өзара сенім мен құрметке негізделген қарым-қатынас орнатуына ықпал ету. Себебі, этика мен деонтология – бұл тек қағида емес, адамның жүрегінде орын алатын, әрбір әрекетінде көрініс табатын ізгіліктің шынайы айнасы.

Президент Жолдауында белгі-ленген міндеттерді орындау аясында осындай бастамалар денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге, халыққа сапалы қызмет көрсету мәдениетін қалыптастыруға үлес қосатыны анық. Этикалық және деонтологиялық нормаларды бұлжытпай сақтау – медицина қызметкерлерінің кәсіби абыройын асқақтатып, олардың қоғам алдындағы беделін одан әрі нығайтуға сеп болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.