ҚОРДАЙЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

0

Тараз қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс туы желбіресін» атты облыстық ардагер өнерпаздар арасындағы патриоттық әндер байқауы жоғары деңгейде өтті.

Аталған байқауға Жамбыл облысының әр ауданынан келген ардагер өнер ұжымдары қатысып, өзара өнерлерін ортаға салды. Байқау барысында патриоттық рухты көтеретін әндер орындалып, сахнада соғыс жылдарының ауыртпалығы мен ерлік рухы көркем түрде бейнеленді.

Бұл өнер додасында Қордай ауданының ардагер өнерпаздарынан құралған хор ұжымы 3-дәрежелі дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Ұжым жетекшісі – Қордай аудандық мәдениет үйінің қызметкері Е.Сәрсенбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.