Өзіңізді және жақындарыңызды кибералаяқтардан қорғау үшін келесі ұсыныстарды орындаңыз:
— Бейтаныс адресаттардан электрондық поштадан сілтемелерді, SMS немесе әлеуметтік желілердегі хабарламаларды ашпаңыз;
— Белгісіз абоненттік нөмірлерден, әсіресе танымал қосымшалар (WhatsApp, Telegramm және т.б.) арқылы келетін қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бермеңіз. Бұл әсіресе бейне қоңырауларға қатысты;
— Сауалнама немесе дауыс беру үшін мессенджердегі кез келген топқа сізді қосса, дереу одан шығып кетіңіз;
— Ешқашан ешкімге құпия сөздер, логиндер, кодтар және басқа жеке деректерді (ЖСН, жеке куәлік, төлқұжат нөмірлері, төлем картасының деректемелері, соның ішінде картаның артқы жағындағы үш таңбалы код (CVV/CVC код), карта нөмірі және оның жарамдылық мерзімі) бермеңіз;
— Сатып алуды жоспарлап отырған интернет-дүкендердің шынайылығын мұқият тексеріңіз. Тек ресми және тексерілген онлайн ресурстарға кіріңіз;
— Жарнама бойынша сатып алу кезінде төлемді тауарды алғаннан кейін ғана жасаңыз;
— Банк қызметкерлерінен немесе ұялы байланыс операторларынан қоңыраулар түскен кезде, сөйлесуді тоқтатып, ресми өкілдердің байланыс орталықтары арқылы алынған ақпараттың дұрыстығын нақтылаңыз;
— Бейтаныс сайттарға тіркелмес бұрын, мекенжайдың дұрыстығын тексеріңіз (ол https:/ден басталуы керек);
— Егер сіздің деректеріңіз алаяқтардың қолына түссе, дереу картаңызды бұғаттаңыз және аккаунттардың, электрондық поштаның және банктік қосымшалардың құпия сөздерін өзгертіңіз. Банк пен құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
Бұл қауіпсіздік шараларының толық тізімі емес, өйткені алаяқтар өздерінің қылмыстық схемаларын үнемі жетілдіріп отырады.
Сондықтан ресми БАҚ-тағы алаяқтық туралы жаңалықтарды қадағалаңыз, сонымен қатар алаяқтардың айлалары туралы егде жастағы туыстарыңызбен бөлісіңіз, себебі олар көбінесе қаскүнемдер үшін оңай нысанаға айналады.
А.ЕЛЕУСІЗОВА, Жұмыспен қамту және әлеуметік бағдарламалар бөлімі басшысы