Тірі түйеқұстарды көру, оларды тамақтандыру және, тіпті, мініп көру үшін Африкаға немесе Австралияға барудың қажеті жоқ. Бұлар батыр ауылында тұратын Мауровтар отбасының үйіне бас сұққаныңыз жеткілікті, әсерлеріңіз ұзаққа жетеді.
Жеті жыл бұрын Суали Мауров әдеттен тыс тәжірибе жасауға шешім қабылдайды. Оның ерекше құс өсіруге деген сүйіспеншілігі оны … түйеқұс туралы ойға жетеледі. Бұл әдемі әрі таңғажайып құстарға қарағанда ол басын құмға тығып алмай, батылдықпен экзотикалық қанаттыларды әкеле бастады.
Суали Нэбиевич 62 жаста, жары Хуалар Ясыровна 61 жаста. Ерлі-зайыптылардың ерекше хоббиі — экзотикалық құстарды өсіру: түйеқұстар мен тауыстар. Жеті жыл бойы осы құстарға сүйіспеншілікпен және табанды түрде қамқорлық жасап, фермасын шағын, бірақ қызықты экзо-хайуанаттар бағына айналдыра білді.
Барлығы түйеқұстардан басталды. Суали Нэбиевич балапандарды Алматы облысынан әкелді, қазір оның қолында 4 ересек құс бар. Алайда, түйеқұстар жұмыртқа салғанымен, өздері балапан шығармайды екен. Сондықтан Мауровтар жұмыртқаларды үлкен инкубаторға салып балапан шығарады. Түйеқұстар тамақ таңдамайды және тауықтар не жесе соны жейді. Үй иелері өз жануарларынан қорықпайды. Түйеқұстар бағып-баптағандарды жақсы таниды және ешқашан шабуылдамайды. Дегенмен, бейтаныс адамдар абай болу керек — құстар агрессия көрсетуі мүмкін. Түйеқұстар арасында африкалық және австралиялық тұқымдылар бар.
«Бір күні австралиялық түйеқұс қашып кетті. Көлемі жағынан ол африкандыққа қарағанда кішірек. Оның жылдам жүгіргені сонша, біз оны қуып жете алмадық. Түйеқұсты біржола жоғалтып алдық деген оймен қала бердік. Алты айдан кейін біз мүлдем танымайтын адамдар әлсіреген үй құсымызды әкелгенде таң қалғанымызды елестетіп көріңізші. Белгілі болғандай, ол өте алысқа қашып кетіпті, бейтаныс адамдар оны көріп, артынан қуған. Бұл кезде ол шаршап, қарны ашығып, әлсіреп қалған екен. Олар қолға үйретіп, тамақтандыруға тырысқан және оны өздеріне қалдырмақшы болыпты. Бірақ түйеқұс ас жеуден үзілді-кесілді бас тартып, бізге қайтарғаннан басқа амалдары қалмаған. Аймақта түйеқұстарды кім ұстайтынын анықтау қиынға соққан жоқ. Ал түйеқұс үйге келгенде, бізді, өз иелерін танып, бірден жем-шөп жей бастады», — деп қызықты оқиғаны баяндап берді Хуалар Ясыровна.
Үш жыл бұрын Мауровтар бағы тағы бір экзотикалық құстар — тауыстармен толықты. Суали Нэбиевич Шымкенттен түрлі тұқымды, оның ішінде «королевский» және «қарапайым» деп аталатын ересек құстарды әкелді. Тауыстар сұлулығымен көзді қуантып, ауланың сәнін келтіріп тұрады. Түйеқұстардан айырмашылығы, тауыстардың мінезі байсалды және басқаларға қауіп төндірмейді.
Мауровтар отбасы бес бала: үш ұл, екі қыз өсірді, бүгінде бәрі де үйлі-боранды. Үлкен немересі 11-сыныпта оқиды. Балалары мен немерелері қонаққа келгенде үнемі үй шаруасына көмектеседі. Бірақ, негізінен, Суали мен Хуалар барлығын бірге атқарады, ерекше фермасына өздері қарағанды ұнатады. Міне, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен еңбекқорлықтың қарапайым ауылда таңғажайып әлем ашуға болатынын нағыз мысалы деп осыны айт.
«ҚШ анықтамасы»:
Түйеқұстардың сағатына 70 шақырым жылдамдықпен жүгіретін ерекше қабілеті бар. Олар Африка мен Австралияда мекендейді. Салмағы 150 келіге жетуі мүмкін, ал биіктігі — 2,7 метр. Түйеқұс анатомиясының бір ерекшелігі — көздің мөлшері мен миының арасындағы арақатынас. Түйеқұстың көзінің салмағы шамамен 6 грамм, бұл құстың дене салмағының шамамен 0,4% құрайды, ал миының салмағы небәрі 3,5 грамм. Бұл арақатынас 1:16, яғни түйеқұстың осыншалық көз-ми арақатынасы бар санаулы жануарлардың бірі етеді. Түйеқұстар ұшуға қабілетсіз, бірақ олардың қанаттары жүгірген кезінде қорғаныс пен тепе-теңдік үшін қолданылады. Түйеқұстардың түстерді, соның ішінде ультракүлгін спектрді көруге мүмкіндік беретін ерекше көздері бар. Олардың тістері жоқ, оның орнына тұмсықтарында тағамды ұнтақтауға көмектесетін кератин пластиналар болады. Түйеқұстар шамамен 40-60 жыл өмір сүреді.
Тауыс — бүкіл әлемде сұлулық пен ұлылықтың эталоны ретінде танылған құс. Ересек құстың салмағы 5 кг-ға жетуі, ал денесінің ұзындығы 1 метрге дейін немесе одан да көп болуы мүмкін. Тауыстың алғашқы мекендеген жері Оңтүстік Азия. Тауыстар ұша алады. Қысқа қашықтыққа ұшады әрі биікке көп көтерілмейді, бірақ белгілі бір жағдайларда көкке биіктеп, ұзақ жолды өте алады, бірақ олар мұны өте сирек жасайды. Табиғатта тауыстар шамамен 20 жыл өмір сүреді, бірақ үй жағдайында олар жарты ғасырға дейін өмір сүруі ықтимал.
Мадина УЗБЕКОВА