«Парыз-2025»

0

2025 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының басталғандығын хабарлаймыз.

Байқау халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Мемлекеттің акциялары, жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесі 50 проценттен асатын ұйымдар байқауға қатысуға жіберілмейді.

Байқау төрт номинациялар бойынша:

  • «Үздік әлеуметтік жауапты кә-сіпорын». Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;
  • «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын». Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;
  • «Үздік ұжымдық шарт». Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;
  • «Экологияға қосқан үлесі үшін». Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізіледі.

Конкурс жөнінде толық ақпаратты 2-10-16 (Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі) телефоны арқылы алуға болады.

Мекен-жайымыз: Қордай ауылы, Төле би көшесі, 49.  эл.пошта: utzsnkorday@mail.ru

Leave A Reply

Your email address will not be published.