2025 жылғы 10 наурыз – 1 шілде аралығында Жамбыл облысында «Еңбек Жолы» байқауына қатысуға ниеттенген үміткерлерден өтінімдер қабылданады.
Конкурс «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» номинацияларынан тұрады.
Аталған конкурс жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтайды. Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» ұраны аясында еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал етеді.
Конкурс 2 кезеңде өтеді: «Еңбек жолы» конкурсы жеңімпаздарын облыстық және республикалық деңгейде іріктеу.
Республикалық комиссия жеңімпаздарды конкурстың әр номинациясы бойынша (бірінші, екінші, үшінші орындар) анықтайды.
Конкурсқа кәсіпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлері қатыса алады.
- «Үздік еңбек әулеті» — ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады.
- «Өндірістің үздік жас маманы» — өндірістің еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады.
- «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» — кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең белсенді және тиімді тәлімгер таңдалады.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 шілдеге дейін жүргізіледі.
Конкурс жөнінде толық ақпаратты 2-10-16 (Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) телефоны арқылы алуға болады.
Мекен-жайымыз: Қордай ауылы, Төле би көшесі, 49.
эл.пошта: utzsnkorday@mail.ru
Еңбек әулеттерінің өкілдерін, ынталы жас қызметкерлерді, сондай-ақ олардың тәлімгерлерін Конкурсқа белсенді түрде қатысуға шақырамыз!